masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысында биыл орта білімді кадр даярлауға 6 мыңнан астам грант берілді

12 августа, 2021
in Білім
0
Түркістан облысында биыл орта білімді кадр даярлауға 6 мыңнан астам грант берілді
0
SHARES
25
VIEWS
БөлісуТуиттеу

2021-2022 оқу жылына орта білімді кадрларды даярлауға 52 мамандық бойынша 6 мыңнан астам орынға мемлекеттік грант берілді. Оның жартысынан астамы білікті жұмысшы кадрларды, қалғаны орта буын мамандары мен қолданбалы бакалавриат мамандарын даярлауға бағытталған. 2019 жылы «Білім және ғылым» тамыз конференциясының Пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Үкіметке колледждердің техникалық және кәсіптік білімге (ТиПО) көшу мәселелеріндегі стратегиялық бағдарларды айқындай отырып, дамытуды кешенді қарауды тапсырғаны белгілі.

Осыған байланысты, 2020 жылдың басынан бастап Түркістан облысында 10 жылға сатып алу құқығынсыз 3 мемлекеттік колледжді сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданды. Байқау нәтижесі бойынша 3 басқарушы компания анықталды. Жаңа басқарушы компаниялар студенттерді сапалы біліммен және жұмысқа орналастырумен қамтамасыз ету бойынша өздеріне міндеттемелер алды. Сенімгерлікке берген колледждерде нәтиже байқалуда.

Бүгінгі таңда, дуальді оқыту форматы қолданылып, оқытудың 40%-ы теория, 60%-ы тәжірибе түрінде жүргізілуде. Бұған қоса, студенттер шәкірт ақыдан басқа, нақты өндірісте тәжірибеден өтіп, жалақы алуда. Сонымен қатар, Түркістан индустриалды-құрылыс колледжін сенімгерлік басқаруға бергеннен кейін Басқарушы компания бірқатар проблемалық мәселелерді шешті. Ең бастысы, студенттердің сабаққа қатысуы 95%-ға дейін артты. Заңсыз төлемдер қысқартылып, оқытушыларға өндірістік тәжірибеге қатысқаны үшін қосымша төлемдер ұлғайтылды. Жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі 90%-ға дейін өсті.

ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан колледждерді сенімгерлік басқаруға беруге келісім берілген жағдайда, биыл тағы да 10 мемлекеттік колледжді сенімгерлікке беру қарастырылған. Сондай-ақ,  сенімгерлік басқаруға ұсынылған техникалық және кәсіптік білім беру колледждері «Жас маман» жобасына енбек.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қзыметі

 

Previous Post

Түркістан облысында 78 мектептің құрылысы жүргізілуде

Next Post

Түркістан: Мақтааралда 1200 орындық мектеп салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде