masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент еліміздегі 50 пайыз вакцинацияланған алғашқы қала

3 июля, 2021
in Uncategorized
0
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласында пандемияға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында ковидке қарсы іс-қимылдың нәтижелері мен вакциналау мәселелері талқыланды.

Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймаққа» өтті. Үш күн бойына қалада ковид инфекциясын жұқтырған азаматтардың саны 100-ден жоғары болып отыр. Осыны негізге алған қала әкімі Мұрат Әйтенов карантиндік шектеулердің орындалуын қатаң бақылауды тапсырды. Сонымен қатар, екпе салдыру мәселесінде тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сала мамандарына міндеттеді.

Қазіргі таңда қалада 45 бекетте вакциналау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары А. Бекбауова коронавирусқа қарсы вакцина салғандардың саны 50 пайыздан асқанын мәлім етті.

«Қалада 536000 адам инфекцияға қарсы екпе салдыру қажет болса, бүгінгі таңда бірінші компонентпен 267 595 адам егілді. Бұл вакцинация жоспарының 50% құрайды. Осы көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы Қазақстанның басқа өңірлерінің көшбасшысы болып табылады»,-деді А.Бекбауова.

Вакцина салу бойынша Шымкент «жасыл аймақта». 1 шілдеге 3500 адамға екпе егу жоспарланып, нәтижесінде 4373 адамға вакцина  салынған.

Бүгінде қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс істеуде. Қаладағы бизнес субьектілері үшін «Ashyq» жобасы іске енгізілді. ASHYQ жобасына қосылған бизнес субьектілері саны – 676. Берілген өтініштер – 1182. Бүгінге дейін 139  «сары», 56  «қызыл» статус анықталған.

Сондай-ақ, жиында мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, тиісті салаларда жұмысқа рұқсат беруді шектеу бойынша жауапты мемлекеттік органдар тарапынан бақылауды күшейту, халықты вакцинациялаумен неғұрлым кеңінен қамту үшін мотивациялық факторды күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Халықтың мұң-мұқтажы – басты назарда

Next Post

Құрылыс жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде