masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Халықтың мұң-мұқтажы – басты назарда

3 июля, 2021
in Cаясат
0
Халықтың мұң-мұқтажы – басты назарда
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың өзекті мәселелерін бақылауға алу, заң аясында шешу, халықпен кері байланыс орнату жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Осы бағытта Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков кезекті рет онлайн режимде тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Жеке қабылдауда бұл жолы әлеуметтік, жұмыспен қамту және баспана мәселелеріне қатысты 20-ға жуық азамат мұң-мұқтаждарын жеткізді. Барлығына заң аясында кеңес беріліп, тиісті басқарма басшыларына өз құзіреттері шеңберінде мәселелерді шұғыл қадағалауға алулары тапсырылды.

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлер белгіленген тәртіп негізінде кезекпен беріледі. Кезекке тіркелу үшін азаматтың тиісті санаттардың бірінде және тұрғылықты мекен-жайы соңғы үш жыл көлемінде Шымкент қаласында болуы тиіс. Иелігінде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеуі шарт. Қазіргі таңда арендалық үйлер көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары мен жұмыс істейтін жастарға қарастырылуда. Сонымен қатар, тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жеңілдетілген несие бағдарламалары негізінде тұрғын үйге қол жеткізуге болады.

Мәселен, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Шымкент қаласында 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында несиелік бағытта тұрғын үй мәмілелерін жасап, баспаналы болған азаматтар саны 1553-ке жетті. Оның ішінде «5-20-25» кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша 581 азамат тұрғын үймен қамтылған. Оның 291-і тұрғын үй кезегінде тіркелгендер қатарында. Бұдан бөлек, «7-20-25» бағдарламасы бойынша  екінші деңгейлі банктер арқылы алғашқы нарықтан 972 азамат несиелендіру шарты бойынша баспанаға ие болды.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шалғай елді мекендерде инфрақұрылым мәселесі шешімін табуда

Next Post

Шымкент еліміздегі 50 пайыз вакцинацияланған алғашқы қала

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде