masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан: Ауыл әкімдерін сайлауға қатысты саясаттанушылар мен партия өкілдері пікірлерін білдірді

1 июля, 2021
in Uncategorized
0
Түркістан: Ауыл әкімдерін сайлауға қатысты саясаттанушылар мен партия өкілдері пікірлерін білдірді
0
SHARES
27
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Ағымдағы жылдың 25 шілдесі күні Қазақстан бойынша ауыл әкімдерін сайлау өтеді. Мемлекет басшысының бастамасымен тұңғыш рет жүзеге асып отырған бұл сайлау науқаны қоғамда қызу талқыға түсіп, көпшіліктің оң пікірін қалыптастырып үлгерді. Ауыл әкімдерін сайлау науқанына белгіленген уақытқа дейін жеке азаматтар мен саяси партияларда өз үміткерлерін ұсына алады.

«Бұл жолғы сайлаудың басты артықшылығы – халықтың тікелей сайлау арқылы жұмыс атқаруға қабылеті толық жететін, өңірдің басты мәселелерін жетік білетін азаматтарды таңдау мүмкіндігіне ие болуы. Сонымен қатар, бұл сайлаудың әлемдік тәжірибеде бар және мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетін ұтымды механизм екені дәлелденген», деді саясаттану ғылымдарының доценті, phd докторы Әмірбек Айдарбек.

Сондай-ақ, «Ақжол» демократиялық партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұржан Есенбаев, «Нұр-Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев, «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттар партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Оспанов Тұрғанбек ауыл әкімдерін сайлауға саяси партиялардың да үміткер ұсыну туралы бағыттары өзара бәсекелестікті арттырып, жұмыс сапасын арттыруға жол ашатындығын жеткізді.

«Ауыл әкімдерін сайлау туралы  «Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды бағдарламасында басымдық берген бағыттардың бірі болатын.   Әкімді халық өзі таңдаса, сайлауда партиялық  өту шегін 7-ден 5% — ға дейін төмендетілсе деген сынды ұсыныстарды билік басындағыларға ұсынған болатынбыз. Ұсынысымызды қабыл алғанына қуаныштымыз. Алдағы сайлауға тас түйін дайынбыз. Заңдағы өзгерістермен танысып шықтық. Қазіргі таңда 30-ға жуық үміткерлеріміз бар. Олардың  өтініштерін жинақтап белгілі критерийлерге сәйкестігін тексерудеміз.  Қазіргі таңда сол кандидаттармен және тиісті аумақтық сайлау комиссияларымен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Заңда көрсетілген құжаттарды, толығымен жинақтап, 9-ыншы шілдеге дейін толығымен тапсырамыз. Заң бойынша әр ауыл округіне әр саяси партиядан бір ғана үміткер тіркелуі қажет, сол заңға байланысты бір үміткерлерден ұсынамыз. Бұл сайлаудың артықшылығы – саяси партиядан барған үміткерлер әкім болып жатқан жағдайда, ол әкімді тек мемлекет емес, саяси партиялар да бақылауға алады», — дейді «Ақжол» демократиялық партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұржан Есенбаев.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкентте жаңа әкімшілік сот жұмысын бастады

Next Post

Түркістан облысында 63 ауыл округінде сайлау өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде