masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте жаңа әкімшілік сот жұмысын бастады

1 июля, 2021
in Uncategorized
0
Шымкентте жаңа әкімшілік сот жұмысын бастады
0
SHARES
31
VIEWS
БөлісуТуиттеу

​Бүгін Шымкентте жаңадан құрылған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жұмысын бастады. Әкімшлік сот Тыныбаев көшесі, 42, мекенжайындағы мамандандырылған соттар ғимаратында орналасқан.
​Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен қызметіне кіріскен соттың салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков пен қала әкімі Мұрат Әйтенов және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

​Төраға Е.Рахымбеков жаңа соттың ашылуы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 1 шілдеден бастап күшіне енуімен байланысты екенін атап өтті. ​«Жаңа Кодекс соттармен қатар барлық мемлекеттік органдардың қызметінде көп нәрсені өзгертетіні анық. Бұл кодекстің қолданысқа енуі және мамандандырылған әкімшілік соттың құрылуы – азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын болады.» — деді төраға.

​Сонымен қатар, бүгін қалалық сотта өткен жалпы отырыста төраға Ербол Мұқажанұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 маусымдағы Жарлығымен тағайындалған Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Гүлмира Қыдырбаеваны, Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы Бек Әметовті және осы соттың судьялары Тұрсынкүл Үмбетованы, Гүлжан Ерназарованы, Гүлжазира Қалдыбекованы, Айгүл Дербисованы, Айгүл Жүсіпованы, Әсем Қапарбекованы, Махаббат Мұздыбаева, Нұрдәулет Рахынбаевты таныстырды.

​Сөз соңында төраға судьяларды тағайындалуымен құттықтап, оларға жүктелген міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен атқаруларына тілектестігін білдірді.

​Айта кетейік, осы күнге дейін қызмет атқарып келген әкімшілік сотының атауы өзгеріп, «Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты» болып өз жұмысын жалғастыра береді.

Previous Post

Кейбір қоғамдық көліктердің тасымалдау уақыты ұзартылды

Next Post

Түркістан: Ауыл әкімдерін сайлауға қатысты саясаттанушылар мен партия өкілдері пікірлерін білдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде