masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Еңбекші ауданына жаңа әкім тағайындалды

30 июня, 2021
in Cаясат
0
Еңбекші ауданына жаңа әкім тағайындалды
0
SHARES
22
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгінгі жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жетінші сессиясында Еңбекші ауданының әкімі тағайындалды. Сессияда депутаттар Есілбек Досбол Күздікбайұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Еңбек жолында әлеуметтік салада қызмет атқарып, халықпен тікелей байланыста жұмыс жүргізіп келген Досбол Күздікбайұлының жұмысына сәттілік тілеген қала басшысы Мемлекет басшысының аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауда біліктілігі мен тәжірибесі жететініне сенім білдірді.

Досбол Күздікбайұлы 1983 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары.  Мамандығы бойынша инженер-технолог, мемлекеттік басқару бакалавры. Еңбек жолында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік жұмыс жөніндегі инспекторы, аталған әкімдікте халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы болып еңбек еткен. 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

2013 жылдан бері Еңбекші ауданы әкімі лауазымын басқарып келген Ғалымжан Ильясов ауданды дамытуға көп еңбек сіңірген. Абыройлы қызметі үшін «Құрмет» орденімен наградталды.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте 2500 азамат «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіптік оқытудан өтуде

Next Post

Шымкенттегі электр жүйелерінде  апатты өшулер азаяды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде