masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкентте 2500 азамат «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіптік оқытудан өтуде

30 июня, 2021
in Экономика
0
Шымкентте 2500 азамат «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіптік оқытудан өтуде
0
SHARES
19
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты шеңберінде 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына  2500-ден астам азамат жолданды. Кәсіптік  оқытудың І ағымы 21 маусымда  басталды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға мамандығы жоқ, еңбек нарығында сұранысы төмен немесе біліктілігін жоғалтқан және мамандығын ауыстырғысы келетін азаматтар қатыса алады.

Биыл жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының шешімімен 600 адам  жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 8 мамандық бойынша 11 білім беру ұйымдарында  және  1 900 адам 24 мамандық бойынша 18 білім беру ұйымдарында, ал еңбек нарығының сұранысына сәйкес 30-дан астам қажетті мамандықтар бойынша 3 ай мерзімге  оқытылатындығы бекітілді.

Қысқа мерзімді оқыту курстарында дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрик, тас қалаушы, кран машинисті, визажист, шаштараз шебері, аспаз 30-дан аса мамандық бар.  Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Дәріс беру аптасына 6 күн, 6 сағаттан жүргізіледі. Оқу аяқталған соң  арнайы сертификат беріледі. Сонымен қатар, оқуын аяқтаған азаматтарды еңбек нарығының сұранысымен жұмыс берушілердегі пайда болған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына ықпал етілетін болады.

Айта кетейік, өткен жылы 2 мыңға жуық адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды бітіріп, нәтижесінде 1590 азамат жұмыспен қамтылған.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Әл-Фараби ауданының мерейлі отбасылары анықталды

Next Post

Еңбекші ауданына жаңа әкім тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде