masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Каратэден жазғы олимпиадаға Шымкенттік үш спортшы қатысады

22 июня, 2021
in Спорт
0
Каратэден жазғы олимпиадаға Шымкенттік үш спортшы қатысады
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Спорт тарихындағы елеулі жаңалық – каратэ спорт түрі ретінде алғаш рет олимпиада  ойындарына енді. Осы орайда Токиода өтетін жазғы Олимпиадаға каратэдан алғашқы болып шымкенттік үш спортшы қатысады. Бұл туралы Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Шымкенттік каратэшілердің ішінен Дархан Асадилов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева әлемдік рейтингте үздік спортшылар деп танылып, Олимпиада лицензиясын иеленді.

Аталған спортшылардың бірі Дархан Асадилов он бір Премьер-лигаға қатысып, олардың сегізінде жеңіске жетті. Ал Данияр Юлдашев, Софья Берульцева Д-3 біліктілігіндегі халықаралық рейтингке сәйкес Азия өңірінде ең жоғары нәтиже көрсеткен үздік каратэші деп танылды.

Айта кетейік, жалпы Токио Олимпиадасына Шымкенттен 10 спортшы жолдама алды. Оның иегерлері: Стенд атудан — Сәрсенкүл Рысбекова, Кравченко Зоя, Оқ атудан — Юрий Юрков, Бокстан — Закир Сафиуллин, Каратэдан — Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева. Байдаркада есуден — Сергей және Тимофей Емельяновтар және  Көркем гимнастикадан — Алина Әділханова.

Сондай-ақ Олимпиадалық рейтинг бойынша Токио Олимпиадасына маусым айының соңына дейін спортшылар лицензия алуға бақ сынасады.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Сауран ауданында жаңа өндіріс орындары ашылады

Next Post

Шымкенттің туристік әлеуетін ілгерілету жақсарып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде