masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран ауданында жаңа өндіріс орындары ашылады

22 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Сауран ауданында жаңа өндіріс орындары ашылады
0
SHARES
26
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Сауран ауданында жаңа өндіріс орындарын ашып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу – басты назарда. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістікті суарудың озық тәжірибелерін енгізуді, инвестиция тартып, өнім көлемін арттыру, мал шаруашылығын дамыту, аудандағы инфрақұрылым мен тарихи туризмді және де экотуризамді дамыту бағытында жұмыстар жүзеге асады.

Барлық жұмыстар облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жеке бақылауында. Сауран ауданының әкімі қордаланған мәселелерді шешуде тұрғындардың ұсыныс-талаптары басты назарда болатынын жеткізді. «Сауран ауданында үлкен потенциал бар. Аудан күллі түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан қаласымен шектеседі. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының және халықаралық темір жол бойында орналасқан. Сауран ауданына ерекше көңіл бөлінген.

Мақсатымыз – аудан халқына барынша қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасау. Ауыл, елдімекендеріміз жайлы, қауіпсіз, таза да көрікті, жасыл аумаққа айналдыру»,-дейді Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков. Сауран ауданында жаңадан аудандық құрылым бөлімдерін құруды, сәулеті заманауи талаптарға сай аудан орталығының құрылыс жұмыстарын бастау бағытында қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Аудан қарт Қаратау мен Сырдария өзенінің арасында туристердің қызығушылығын арттыратын тарихи орындар, табиғаты жанға жайлылық жерлер жетерлік.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес, әкімшілік құрылымын жасақтау үшін алдымен аудандық мәслихат құрылды. Тиісінше, мәслихат келісімімен, аудан әкімі тағайындалып, ауданды басқару жүйесі және бюджеті бекітілді. Жалпы аудан көлемі – 721 745 гектар жер көлемін құрайды, халқының саны – 103 мыңға жуықтайды, бүгінде орталығы – Шорнақ ауылында 13 мың халық тұрады, жалпы 35 елді мекен бар.

masa-ақпарат

Previous Post

Шымкенттің бас дәрігері қала тұрғындарына үндеу жасады!

Next Post

Каратэден жазғы олимпиадаға Шымкенттік үш спортшы қатысады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде