masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысының әкімі Бас мүфтимен кездесті

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.

18 июня, 2021
in Қоғам
0
Түркістан облысының әкімі Бас мүфтимен кездесті
0
SHARES
23
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жүздесу барысында қос тарап қоғамда қалыптасқан діни келісім мен ұлтаралық татулықты одан әрі нығайту, дін қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін шыңдау жайында өзара пікір алмасты.

Белгілі болғандай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Darhan Dala» жобасын іске қосты. Бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтін жаңа жоба шетелдегі және еліміздегі киелі орындарға зиярат, денсаулық, экотуризм бағыты бойынша тур ұйымдастырады.

Аталған жоба енді Түркістан өңірінде жүзеге асады. Бұл ретте имамдардың жетекшілігімен киелі орындарға арнайы турлар ұйымдастырылып, сапар барысында зиярат жасау мәдениеті мен әдебі түсіндіріліп, тиісті насихат жұмыстары жүргізілмек. Бұл ретте Түркістан қаласының туристік әлеуеті үлкен мүмкіндікке ие.

Әлемдік мұсылман қауымы арасында беделді Ислам ғұламаларының зиратына зиярат ету, қасиетті жерлерге зиярат жасау мәдениеті қалыптасып, мұсылман елдерінде зиярат туризм саласы жақсы дамығаны белгілі. Ыстамбұл-Түркістан бағыты бойынша әуе рейсі ашылғаны белгілі. Түркістан-Джидда әуе рейсін ашу туралы бастама Орта Азия елдері азаматтарын киелі Түркістан арқылы қажылық немесе ұмра сапарына жіберуге үлкен мүмкіндік туғызады.

Облыста 6 діни конфессияға енетін 30 жергілікті діни бірлестік пен 754 филиал жұмыс істейді. 752 мешіт бар. Еліміздегі әрбір үшінші мешіт Түркістан облысында орналасқан.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкентте кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде

Next Post

Түркістан облысының дәрігерлері марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде