masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Түркістан облысының дәрігерлері марапатталды

18 июня, 2021
in Денсаулық
0
Түркістан облысының дәрігерлері марапатталды
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Түркістан облысының дәрігерлері марапатталды. Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыста табыс тіледі. Жиында біліктілігі және кәсібилігімен көзге түскен дәрігерлер «Үздік хирург» номинациясына облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің хирургия бойынша орынбасары Мақсұт Аймағамбетов, «Үздік терапевт» Бағила Таштаева ие болды. «Үздік акушер-гинеколог» №1 Облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинеколог дәрігері Абдысаттар Дуйсенов болса, «Үздік педиатр» Бакыт Есиркепова мен «Үздік жалпы тәжірибе дәрігері Төлеби аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Лола Шаншарова марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік медициналық мекеме» Түркістан Облыстық балалар ауруханасы атанды.

«Бүгінде бүкіл ел ұстамдылықты талап ететін күрделі кезеңді бастан кешуде. COVID-19 індетінің таралуы тек денсаулық сақтау жүйесінің ғана емес, елдің экономикалық және адами ресурстарының да беріктігін сынауда. Дейтұрғанымен, біз қиын кезеңдерді еңсердік», – деді облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов өз сөзінде.

Жиынға медицина саласының менеджерлері мен дәрігерлер қатысты. Аймақта бүгінде жалпы 23 429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ жейделі жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 6 324 науқас толық жазылып шыққан. Дәрігерлердің ерлігі мемлекет тарапынан лайықты бағалануда. Былтыр ерекше еңбегімен көзге түскен медицина қызметкері Мемлекет басшысының шешімімен «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға көбейіп, дәрігерлердің орташа жалақысы 271 мың теңгеге, ал орта медициналық қызметкерлер жалақысы 162 мың теңгеге дейін өсті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан облысының әкімі Бас мүфтимен кездесті

Next Post

Қаратау ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде