masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкентте спорт алаңшаларының саны артып келеді

18 июня, 2021
in Спорт
0
Шымкентте спорт алаңшаларының саны артып келеді
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында демеушілер есебінен тағы екі спорт алаңшасының лентасы қиылды. Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған жоба аясында осымен 6 спорт алаңшасы ашылып отыр.

 

Шараның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысып, тұрғындарды құттықтады.

-Қаламызда балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жаппай спортты дамыту мақсатында көптеген жаңа нысандар пайдалануға берілуде. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер Серік Тульбасовтың қоры мен Eurasian Resources Group (ERG) қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында алаңшалар ашылып жатыр. Әрбір нысанның үлкен спорт алаңы, жасанды жабыны, жарықтандыруы және жоғары қоршауы бар. Онда балаларға баскетбол, волейбол, футбол, теннис ойнауға барлық жағдай жасалған. – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

 

Айта кетейік, осыған дейін Әл-Фараби және Абай аудандарында салынған болатын. Жобаның ерекшелігі демеушілер салып берген  алаңшаларды тұрғындар өздері қалағанынша пайдаланып, жауапкершілігіне алады.

 

Жалпы Шымкент қаласында аула ішілік 231 спорт алаңшасы болса, биыл 101 спорт алаңын салу жоспарланып отыр.

masa-ақпарат

Previous Post

Кавасаки тәрізді синдромға шалдыққан балалар айығып шықты

Next Post

Үш ауысымды мектеп мәселесі алдағы 5 жылда шешіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде