masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Кавасаки тәрізді синдромға шалдыққан балалар айығып шықты

18 июня, 2021
in Денсаулық
0
Кавасаки тәрізді  синдромға шалдыққан балалар  айығып шықты
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

 

Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан балалар ауыр халде қалалық клиникалық балалар ауруханасына түскен болатын. Дәрігерлердің айтуынша, инфекцияның асқыну салдырынан науқастардан мультижүйелі қабыну синдромы анықталған.

Ауру белгісі анықталған 5 бала да ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылып, жеті күндей аппаратта жатып, денсаулығы жақсарған соң палатаға шығарылған.

Медицина мамандарының мәлімдеуінше , кавасаки тәріздес мультижүйелі қабыну синдромына шалдыққан балалар үйдегі ересектерден коронавирус инфекциясын жұқтырған. Соның салдарынан ауру өршіп, соңы қауіпті дертке алып келген. Білікті мамандар жасаған емнің нәтижесінде науқас балалардың денсаулығы жақсарып, ауруханадан шығарылды.

-Кавасаки тәріздес мультижүйелі қабыну синдромына шалдыққан балаларды емдеу үшін републикалық деңгейдегі білікті мамандармен консилиум өткізіп, емдеу шаралары бойынша кеңес жүргіземіз. Ал бізде ем алған балалар ауруханадан шыққан соң тұрғылықты жері бойынша емхана мамандарының бақылауына алынды. Сондай-ақ, үш науқас біздің клиникада оңалту емін алды, — дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасының педиатрия бөлімінің меңгерушісі Жантасова Әсел.

Айта кетерлігі, медицина мамандары баланың дене қызуы 38,5-тен жоғары болуы, іш ауыруы, құсу, жүрек айнуы, денедегі бөртпе дақ, жөтел пайда болса, міндетті түрде дәрігер шақырту қажеттігін ескертеді. Өйткені, бұлар – кавасаки тәріздес мультижүйелі қабыну синдромының белгілері. Дер кезінде дәрігерге көрінбесе, соңы қайғылы жағдайға алып келуі де ықтимал. Өйткені, ауру жүрек пен өкпе, асқазан, ішек жолы немесе жүйке жүйесі секілді ағзаның бірнеше жүйесін бірден зақымдайды. Мультижүйелі қабыну синдромынан туындайтын қабыну кавасаки ауруы мен токсикалық шок синдромы кезінде пайда болатын қабынудан да асып түсіп, баланың көпшілігінде жүректің зақымдануына әкеледі.

Сондықтан, аталмыш аурудың алдын алу үшін ересектер баланы коронавирустан сақтауға күш салуы керек. Оның бірден бір жолы – вакцина салдыру. Сондықтан дәрігерлер әр адам өз отбасын қорғау мақсатында екпе салдыруының маңызы зор екенін тағы да атап өтті.

masa-ақпарат

Previous Post

Қазақстанда қазақ мектептерінің оқушыларына арналған «Жас лидер академиясы» атты бағдарламасы басталады

Next Post

Шымкентте спорт алаңшаларының саны артып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде