masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Илон Маскқа хат жазған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

10 июня, 2021
in Cаясат, MASA24.KZ
0
Илон Маскқа хат жазған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды
0
SHARES
38
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан қаласы әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды. Бұл туралы әкімдіктердің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтың шешімімен Түркістан қаласының әкімі болған Рашид Аюпов Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Рашид Аюпов 1981 жылы дүниеге келген. Академиялық Инновациялық Университетінің заң факультетін бітірген. 2015 жылы Лондондағы Queen Mary University университетінің мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған. 2018 жылы «Shymkent «ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы, 2019 жылы Түркістан қаласының әкімі болған.

Жақында Рашид Аюпов өзінің twitter парақшасында кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының бас атқарушы директоры Илон Маскты Түркістанда Tesla зауытын салуға шақырған еді.

Ал Түркістан қаласының басшылығына бұған дейін Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі болған Нұрбол Тұрашбеков келді.

Нұрбол Тұрашбеков 1980 жылы Төле би ауданында туған. Мамандығы – инженер-экономист. Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған. 2017 жылы Түлкібас ауданының әкімі, 2020 жылы Ордабасы ауданының әкімі болған.

Previous Post

Шымкентте «Жас ұлан» мектебінің түлектері мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ тапсырды

Next Post

Тауар интервенциясын жүргізу үшін 200 млн. теңге бөлінді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде