masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Шымкентте «Жас ұлан» мектебінің түлектері мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ тапсырды

10 июня, 2021
in Cаясат, MASA24.KZ
0
Шымкентте «Жас ұлан» мектебінің түлектері мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ тапсырды
0
SHARES
45
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Кеңес Одағының Батыры, генерал Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің 210 түлегі мемлекеттік емтихандар мен ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды.

Мемлекеттік емтихандар барысында олар эссе, алгебра бойынша бақылау жұмысын жазды, сондай-ақ Қазақстан тарихын, мемлекеттік немесе орыс тілдерінен тестілеуден өтті.
Емтихандармен қатар, оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің алғашқы мүмкіндігін қолданды. Биыл алғаш рет ол офлайн-форматта өтуде, түлектерге екі рет тест тапсыруға мүмкіндік берілді.
Әскери мектеп оқушыларының көпшілігі 100 балл жинап, шекті деңгейден өтті. Үздік нәтижені 131 балл алған ұлан Мағжан Серікбай көрсетті. Ол алдағы уақытта Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты болғысы келеді екен.
– Мен тестілеуге қызу дайындалдым, сондықтан жақсы балл жинадым. Әрине, толқулар болды. Бірақ мен өзімді қолға алып, біз үшін алаңдап, үлкен үміт артқан туыстарымды, оқытушыларым мен командирлердің сенімін ақтауға барынша тырыстым, – деп бөлісті түлек.
Тест нәтижелері балаларды дайындауға жауапкершілікпен қарайтын мектептің басшылық және оқытушылар құрамының кәсібилігін тағы да растады.
«Жас ұлан» түлектері Қарулы Күштердің жоғары әскери оқу орындарына, сондай-ақ басқа да ведомстволардың жоғары оқу орындарына, оның ішінде шетелдерге түсуге ниетті.
Әскери мектеп қабырғасында оқыған жастар екі жыл ішінде дене бітімін нығайтып, жауапкершілікті және тәртіпті болуды үйренді, әскери істің қыр-сырын игерді. Барлық емтихандар мен тестілерді аяқтағаннан кейін оларға жалпы орта білім туралы аттестаттар беріледі

Previous Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Next Post

Илон Маскқа хат жазған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде