masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Түркістан облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

10 июня, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар
0
Түркістан облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды
Түркістан облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды
0
SHARES
37
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түлкібас ауданын Нұрлан Байғұт, Ордабасы ауданын Нұрбол Тұрашбеков басқаратын болды. Жаңа әкімді аудан активіне таныстырған облыс әкімі алдағы уақытта жүзеге асыруды қажет ететін бірқатар маңызды жобаларға назар аударды.

Түлкібас ауданын басқару сенімі артылған Нұрлан Байғұт осы ауданның тумасы, 1974 жылы туған. Білімі жоғары, инженер-экономист. Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласы бойынша салық комитеті жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастаған. 1998-2005 жылдар аралығында облыстық мекемелерде жауапты қызметтерді атқарған. Ал 2005 — 2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас және Төлеби аудандары әкімдерінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасының бастығы, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы болды. 2016-2018 жылдары Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып еңбек етті. 2019 жылдан бері Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Ал Ордабасы ауданының әкімі болып тағайындалған Нұрбол Тұрашбеков бұған дейін Түлкібас ауданын басқарған болатын. Нұрбол Әбдісаттарұлы 1980 жылы Төлеби ауданында туған. Мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған. 2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры, 2012 жылы (Астана қаласы) «Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған. 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған. Ал 2017 жылдан бері Түлкібас ауданының әкімі лауазымын атқарып келген.

Previous Post

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде