masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

10 июня, 2021
in Cаясат, MASA24.KZ, Жаңалықтар
0
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
0
SHARES
33
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің өкімімен және Президент Әкімшілігі мен Ордабасы ауданы мәслихаты депутаттарының келісімдері бойынша Бағлан Батыршаев Ордабасы ауданы әкімі қызметіне тағайындалды. Жаңа әкімді аудан активіне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін айқындап берді. Аудандағы халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтерудегі Елбасы Н.Назарбаев саясатын жүзеге асырып, Мемлекет басшысы бекіткен тапсырмаларды сапалы орындауды жүктеді. Аймақ басшысы Ордабасы ауданын басқарып, өңір дамуына өз үлесін қосқан Нұрбол Тұрашбековқа алғыс білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
«Бұған дейін Ордабасы ауданының әкімі болып келген Нұрбол Тұрашбековтың мол тәжірибесін ескере отырып, басқа жауапты қызметке ауысуына байланысты атқарып отырған қызметінен босаттым. Бүгінгі күнгі аудандық мәслихатының сессиясына Ордабасы ауданы әкімі қызметіне жаңа кандидатура ұсынылып, депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тауып отыр. Бағлан Батыршаев – тәжірибесі мол, еңбекқор азамат. Аудан экономикасын көтеруге бар тәжірибесін, білімін, күш-жігерін жұмсайды деп сенемін», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.
Облыс әкімі жаңадан тағайындалған аудан әкіміне басты назар аударып, атқаруды қажет ететін бірқатар мәселелер міндеттеді. Ауданда жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығына инвестициялар мен озық технологиялар тартып, өндірілетін өнім көлемін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізуді жүктеді. Ең алдымен, аудан тұрғындарына барынша қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасап, ауыл, елді мекендері жайлы, қауіпсіз, таза да көрікті аумаққа айналдыруды тапсырды.
Б.Батыршаев 1976 жылы Ордабасы ауданында туылған. Білімі жоғары. 1999 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін инженер-экономист, 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану, 2014 жылы Алматы Менеджмент университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы Тұрғын үй құрылыс банкінде менеджер болып бастаған. 1998-2019 жылдар аралығында «Казагроойл» ЖШС-нің қаржы директоры, Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласы әкімінің көмекшісі, ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Қазтеміртранс» АҚ-ң басшысы, ҚР Премьер — Министрі Кеңесінің бас инспекторы, «ҚазМұнайГаз-Сервис NS» АҚ-ң бас директоры, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы лауазымдарында еңбек еткен. 2011-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болған. 2020-2021 жылдары «Түркістан облысы әкімдігінің іс басқармасы» мекемесінің басшысы қызметін атқарған.

Previous Post

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР МӘРТЕБЕСІН АБЫРОЙ ТҰТҚАН ЖАН

Next Post

Түркістан облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде