masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ЕЛІМІЗДЕ КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ТОЛЫҒЫМЕН АЯҚТАЛДЫ

10 июня, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар
0
ҚАЛА ӘКІМІ МЕТАЛЛУРГ СТАДИОНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА БАРДЫ
ҚАЛА ӘКІМІ МЕТАЛЛУРГ СТАДИОНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА БАРДЫ
0
SHARES
29
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ЕЛІМІЗДЕ КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ТОЛЫҒЫМЕН АЯҚТАЛДЫ

Елімізде көктемгі егіс жұмыстары толығымын аяқталды. Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі дала жұмыстарының қорытындылары жария етілді.

Ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, егіс алқабы 78,2 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы 22,7 млн га алқапқа егін егілді. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 15,7 млн га алқапты құрайды. Майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га (+11,9 мың га), жем-шөп дақылдары алқабы 3,4 млн га (+104,2 мың га), көкөніс-бақша дақылдары алқабы 275,2 мың га (+10,6 мың га), картоп алқабы 198 мың га дейін (+5,8 мың га) ұлғайтылды.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне нарықтық бағадан 14 %-ға төмен бағамен 380 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бұл ретте мемлекет ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тыңайтқыштар мен пестицидтерді сатып алуға жұмсаған шығындарының 50%-ына дейін субсидиялайды.

Шымкент қаласында да көктемгі дала жұмыстары оңтайлы жүргізілді. Ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, қалада жалпы 29,3 мың гектар жерге көктемгі егін егу жұмыстары аяқталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 мың гектарға артық (2020 жылы – 27,9 мың гектар). Атап айтқанда, дәнді-дақылдар (бидай, арпа, жүгері) – 12,9 мың га, майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) – 3,8 мың га, көкөніс пен бақша – 3,0 мың га, ал мал азықтық дақылдар – 8,9 мың га егілді.

Нәтижесінде биыл жиналатын өнім көлемі 73 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 13,7 мың тоннаға артады.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 1 мың тонна жанар — жағармай бөлініп, қаладағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өтініштері бойынша 257,5 тоннасы босатылды. Дала жұмыстарына 1 700-ден астам техника тартылды.

Previous Post

ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛАНЫҢ БІРАЗ БӨЛІГІНДЕ УАҚЫТША ГАЗ ЖЕЛІСІ ӨШІРІЛЕДІ

Next Post

ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІН ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде