ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛАНЫҢ БІРАЗ БӨЛІГІНДЕ УАҚЫТША ГАЗ ЖЕЛІСІ ӨШІРІЛЕДІ
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қазіргі таңда Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайырығын салу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Жобаға сәйкес, аталған жолайырық құрылысында қысымы жоғары диаметірі Ø 315мм газ құбырының орнын ауыстыру жұмыстары қарастырылған болатын. Осыған сәйкес, құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін, жобаға сәйкес орны ауыстырылған газ құбырын қолданыстағы газ құбырына қосу қажеттілігі туындап отыр. Ал бұл жұмыстар жоспарға сәйкес 2021 жылдың 10 маусым күні сағат 9:00 –ден 11 маусым сағат 15:00-ге дейін орындалатын болады. Аталған газ құбырынан Шымкент қаласының Төменгі Отырар шағынауданында 600 пәтер, Рысқұлов – Қонаев — Дулати – Байтұрсынов — Жандосов көшелері орамында және Рысқұлов көшесінің солтүстік беткейінде орналасқан ғимараттар, тұрғын үйлер сондай-ақ әлеуметтік нысандар газ желісімен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты, аталған көшелерде, шағынаудандарда газ желісі толығымен өшіріледі.
Осыған орай, жоғарыда аталған көшелерде, шағынаудандарда газ желісімен қамтамасыз етілетін ғимараттар, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және маңыздылығы жоғары мекемелерді, қосу жұмыстары кезінде газ желісінің сөндірілетіндігі туралы қала тұрғындарын ақпараттандыруды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Сонымен қатар, газ желісін қайта қосқанда, үйішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсету мамандарының және тұтынушылардың газ жабдықтарына тексеру жұмыстарын жүргізуін және мұқият болуларыңызды ескертеміз.