Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізінде техникалық және кәсіптік білім беруде WorldSkills тәсілі бойынша студенттердің практикалық дағдыларын сапалы және кешенді бағалауға бағытталған демонстрациялық емтихан түрінде бітіруші курс студенттерін қорытынды бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді.
Осы өзгерістерге орай 2020-2021 оқу жылы 27-28 мамыр күндері Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде бітіруші түлектер келесі мамандықтарда: 3W0212010 «Көркем-дизайнерлік жұмыстарды орындаушы»; 3W07150501 «Электргазымен дәнекерлеуші»; 3W07320702 «Жол-құрылыс машиналарының машинисі» (Автокрановщик) құзыреттіліктер бойынша Түркістан облысында WorldSkills стандарттарын асәйкес алғаш рет өткізіліп жатқан демонстрациялық емтихандарбойынша бірінші күнін сәтті аяқтады.
Колледж демонстрациялық емтиханды өткізу үшін EDUWSK-DEMO жүйесінің порталына тіркеліп, демонстрациялық емтихан тапсырмалары республикалық оқу-әдістемелік орталықтарында (РУМО) және «Talap» КеАҚ мамандарымен құжаттар қаралып, нәтижесінде демонстрациялық емтиханды өткізу үшін келісім алынды. Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін емтихан өткізу алаңдарын жабдықтап, талап етілетін қажетті материалдарын,емтихан құжаттарын алдын-ала дайындау үшін бірқатар жұмыстар атқарылды.
Демонстрациялық емтихан – жаңа форматтағы инновациялық қорытынды аттестаттау. Емтихан CIS жүйесін (Competition Information System – демонстрациялық емтихан немесе WorldSkills чемпионаты кезінде ақпаратты өңдеуге арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы өткізіледі.Нәтижесінде бірнеше модульден тұратын жұмыс, баллдық шкала бойынша сараланып, ұпайлар көптеген аспектілер үшін беріліп, объективті түрде бағаланды.
Студент орындаған тапсырманы тәуелсіз сарапшылар атап айтсақ, «DAIA-CONSTRUCTION», «DAIA-TRANS» ЖШС-нің мамандары, өндірістік оқыту шеберлері бағалауда. Қорытынды бойынша демонстрациялық емтихандарды сәтті тапсырған бітірушіге дипломмен қатар Skills Passport электрондық паспорты берілді. Және әлеуметтік серіктестер сұранысқа ие құзыреттер бойынша үздік жас мамандарды жұмысқа шақырды.
Еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын объективті бағалау, материалдық-техникалық базаның өндірістің қазіргі заманауи талаптарға сәйкестеу, сонымен қатар педагогикалық құрамның біліктілік деңгейін арттыру мүмкіндігі болып табылады. Соның нәтижесінде сұранысқа ие құзыреттер бойынша үздік жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету, колледжге абитуриенттер шақыру, яғни кәсіби бағдар жұмыстарын жүзеге асыру және білікті кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық үшін колледждердің базасы қалыптасады.