masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Түркістан облысының құтқарушылары жеті адамды іздестіруде

27 мая, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар, Туризм
0
Түркістан облысының құтқарушылары жеті адамды іздестіруде
0
SHARES
30
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысының құтқарушылары Төле би ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған 7 адамды іздестіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің сайты.
Олардың жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 2021 жылдың 25 мамыры күні сағат 18:30-да келіп түсті.
21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек еді.
Өткен тәулікте іздестіру топтары 37 шақырымға жуық таулы аймақты жаяу аралады. Екі пилотсыз ұшу аппараты арқылы 4 шақырым радиуста ұшу жүргізілді.

Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 25 құтқарушысы, 2 квадракоптері және 7 техникасы жұмылдырылды.
Сондай-ақ, полиция департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен 1 техникасы, ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 3 ат патрулі, ұлттық парктің 10 қызметкері мен жоғалғандардың туыстары іздестіруге атсалысуда.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағын Шымкент қаласынан әуеге көтеру мүмкін емес.

Previous Post

Шымкенттік полицейлер несие алып беремін деген алаяқты анықтады

Next Post

ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ-ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІНДЕ WORLDSKILLS СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАНДАР ӨТІП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде