masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ АУРУХАНАЛАРДЫҢ БІРІ САЛЫНУДА

14 мая, 2021
in MASA24.KZ, Билік, Жаңалықтар, Мәдениет
0
ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ АУРУХАНАЛАРДЫҢ БІРІ САЛЫНУДА
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу


Жалпы аумағы 16 гектар жерді алатын 8 қабатты көпсалалы медициналық орталық Түркістан қаласында салынуда. 570 төсек-орынға шақталған заманауи емдеу кешені Қазақстан Республикасында жоспарланған ірі жиырма аурухананың алғашқысы. Инвестициялық жобаны Денсаулық сақтау министрлігі арқылы мемлекеттік — жекеменшік әріптестік аясында YDA Group түрік инвесторы жүзеге асыруда. Нысанның құны 200 млрд.теңгеден асады. 2019 жылы басталған құрылысты 2022 жылға қарай аяқтау жоспарлануда. Өңірдегі ғана емес, республикадағы ең ірі медициналық мекемелердің бірі болатын аурухананың жалпы ауданы 80 мың шаршы метрден асады. Әлемдік стандарттарға сай салынып жатқан аурухана толық пайдалануға берілгеннен кейін 2000-нан астам медицина қызметкері тұрақты жұмыспен қамтылады.
Жобаға сәйкес, мұнда 13 бейінді бөлімше, сондай-ақ жүрек-қантамыр және коронарлық реанимация, гематология, оның ішінде күйікпен емдеудің 2 қарқынды терапиясы (ICU) төсегі жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, көпсалалы аурухана қабырғаларында 16 операциялық бөлме, оның ішінде 13 жоспарлы және 3 шұғыл көмек жұмыс істейтін болады. Кешенде барлығы 11 блок бар, олардың 9-ында монолитті жұмыстар жүргізілуде.
Құрылысқа 100-ден астам құрылысшы тартылған, 4 мұнара краны, 12 техника жұмыс істейді.

Previous Post

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР РИДДЕРЛІК ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ НИЕТТІ

Next Post

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН БІРГЕ САҚТАЙЫҚ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде