masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕЛЕРІ ЖАҢАША ТӘСІЛМЕН САЙЛАНАТЫН БОЛАДЫ

21 апреля, 2021
in MASA24.KZ, Билік, Жаңалықтар
0
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕЛЕРІ ЖАҢАША ТӘСІЛМЕН САЙЛАНАТЫН БОЛАДЫ
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қалалық мәслихатында қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топты іріктеу бойынша жиын өтті. Бас қосуға кеңеске үміткер кандидаттар, байқаушылар, БАҚ өкілдері қатысты. Онда қандай мәселелер талқыланды? Жаңадан енгізілген өзгерістер қандай? Әріптесім Назкен Скандар тарқатады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру, соның ішінде Қоғамдық кеңестердің құзыретін кеңейтіп, жұмысын жүйелеуді тапсырған.

Жолдауды іске асыру мақсатында 2021 жылдың 3 қаңтарында «Қоғамдық кеңестер туралы» заңнамаға өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда осы күнге дейін қоғамдық кеңестердің жұмысын қамтамасыз ету үшін қаржы қаралмаған, сондай-ақ, кеңестің барлық жұмысын үйлестіру Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасының міндеттінде болған. Бұдан былай заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, қаржыландыру қалалық мәслихат жүзеге асырады.

Енді қоғамдық кеңестің мүшелері жаңаша тәсілмен сайланатын болады. Жұмыс тобының құрамына үміткер ретінде жалпы 10 азаматтан өтініш түскен. Оның 6 электронды түрде, 4 қолма-қол ұсынылған.

Жиын ашық түрде өтіп, кандидаттар заң талаптарына сәйкес бір- біріне ашық дауыс берді. Конкурс нәтижесінде: Қоғамдық кеңесті қалыптастырушы жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғам өкілдерінен ең көп дауыс жинаған алғашқы 7 кандидат жұмыс тобының мүшесі болып бекітілді.

НазкенСкандар

Previous Post

В стране вступает в силу новый кодекс

Next Post

ТОЙ ӨТКІЗГЕНДЕР ЖАЗАЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде