masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

«АЯҚ ЖОЛ МЕН АРЫҚ КЕРЕК»…

19 апреля, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар
0
«АЯҚ ЖОЛ МЕН АРЫҚ КЕРЕК»…
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкенттегі Тассай шағын ауданында жаңадан салынып жатқан жолдардың сапасын тексеру жұмыстары жүргізілді. Қала көшелерінің құрылысы жоспарға сай болуын жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қатаң бақылауда ұстап отыр. Асфальт төсеу жұмыстарына жұрттың көңілі толмайтын сияқты. Жергілікті халықтың мұң-мұқтажына тілшіміз құлақ түрді.

Жалпы ұзындығы 1.8 шақырымды құрайтын жаңа жолдар құрылысына мемлекеттен 30 миллион теңге қаражат бөлінген. Тассай шағын ауданында орналасқан төрт көшенің құрылыс жұмыстары жоспарға сай орындалуда. Алайда, құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар разы емес. Мұндағы жұрт «бізге аяқ жол мен арық керек» деп дабыл қақты.

Шойынбай Болат – Тассай елді мекенінің тұрғыны
4 жылдың көлемінде барлық есігін тоздырдым. Барлық хаттамалар менің қолымда. 4 жылда не болды бюджеттен қаржы жетпей жатыр. Бізге мынау балалар үшін мектепке баратын тратуар керек. Инвалидтер бар олар жүруі үшін аяқ жол керек. Машина өткенде жүре алмайды. Көктемде су басып кетеді. Латок жүргізіп берсе. Бар тілегіміз осы.

Жоба бойынша бұл жолдар осы жылдың соңында ел игіліне берілуі тиіс. Алайда, ескертілген жерлерге қайта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болса, қолданысқа берілу уақыты біразға созылады. Ал жауаптылар халық талап етіп отырған аяқ жол мен арыққа бюджеттен қаржы қаралмаған, деп отыр.

Асылжан Назарбеков – Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы
2021 ден 25жылға дейін аудан әкімдіктерімен бірлесіп, ұсыныстар бар,арыз шағымдар бар. Соларды жинап отырып, ескере отырып 5 жылға іс-шара жоспарын бекіткенбіз. Экономика басқармасына бюджеттік өтінім береміз.

Тексеру жұмыстары барысында мамандар арнайы жылжымалы зертхананы қолдану арқылы жолдың енін өлшеді. Қалыңдығын анықтап, беріктігін тексерді. Бұл өз ретінде, асфальт-бетон жабынын төсеуге дейінгі тексерістер болып саналады. Мердігер ұйымға анықталған олқылықтар бойынша ескертулер жасалып, кемшіліктердің орнын толтыру үшін уақыт берілді.

Жани Қамбар – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы
Бұл біздің 5-ші рейдтік іс шарамыз. Қазіргі таңда алты кемшілік анықталып отырған. Бірнеше керн сныамасын алып біраз өз жұмыстарын жүргізеді. Содан кейін кемшіліктер жазылып 10 күн ішінде мердігер компания тарапынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Тағы да қосымша ұсыныстар болса біз жұмыс жасауға дайынбыз

Previous Post

28 МЕДИЦИНА ҰЙЫМЫ «АҚЫЛДЫ ЕМХАНА» ЖҮЙЕСІНЕ КӨШТІ

Next Post

ШЫМКЕНТТІК МЕРГЕН СӘРСЕНКҮЛ - ЕЛІМІЗДІҢ РЕКОРДСМЕНІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде