masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

6 апреля, 2021
in MASA24.KZ
0
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Миилионды шаһар әкімі Мұрат Әйтенов қаланың құрылыс алаңдарын аралау барысында Шымкент Сити шағын ауданына барды. Әкім аталған шағын аудандағы «Shymkent «ӘКК» АҚ-мен іске асырылып жатқан «Элит Строй Компани» ЖШС және «Damdes Құрылыс Инвест» мердігерлерінің салып жатқан тұрғын үй кешендерінің құрылыс алаңында болды.

Онда 60 мың шаршы метрді құрайтын 784 пәтердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Үйлер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, әкім «Shymkent «ӘКК» АҚ-ның қаладағы девелопмент секторын дамыту мақсатында атқарып жатқан жұмыс барысы мен жоспарларын тыңдады.  Басқарма төрағасы Бауыржан Канкиннің айтуы бойынша ӘКК-ның инвестициялық қоржыны тұрғын-үй кешенін салу құрылысы саласында жалпы инвестиция сомасы 400 млрд теңге болатын 2025 жылға дейін 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бере отырып, 14 жобаны қамтиды. Сондай-ақ, қалада СО мен жатақханаға да сұраныс бар екенін жеткізді. Осыған байланысты ӘКК инвесторларды тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта 17 әлеуетті инвестор аз қабатты тұрғын үйлер, сауда орталықтарын және жатақхана құрылысы жобаларын жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр. Бұл жобалардың инвестициялық қаржысы 200 млрд.теңгені құрайды.Өз кезегінде қала әкімі инвесторларды осы бағытта белсенділік танытуға шақырды және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында қандай да бір мәселелер туындаса әрбір кәсіпкерді жеке тыңдауға және жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. 

Previous Post

СПИРТ ӨНДІРЕТІН АСТЫРТЫН ЗАУЫТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

Next Post

«АВТОБУС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ БАРЫСЫНДА 354 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде