masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТУ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

6 апреля, 2021
in MASA24.KZ, Денсаулық, Жаңалықтар
0
ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТУ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
0
SHARES
20
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТУ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар көтерме сауда қоймалары мен медициналық бұйым шығаратын мекемелерді аралады. Көтерме дәрі қоймаларына барған әкім жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және жинақтау бойынша резервтік қорлармен қамтамасыз етілуіне көз жеткізді. Өткен жылы коронавируспен күреске қолданылатын дәрілерге бюджеттен 180 млн теңге бөлінді. Биыл тағы 659 млн теңге көлемінде тұрақтандыру қорына қаржы бөлінбек.

Осы жұмыстар нәтижесінде дәріханалардағы дәрі бағасы 15-30 пайыз төмендеген болатын.Бүгінде Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Дәріханалар мен емханаларда 4 млн 144 мың дана дәрілік заттар бар. Оның ішінде ыстық түсіретін, антибиотиктер, глюканаттар секілді вирусқа қарсы қолданылатын дәрі-дәрмек түрі кездеседі. Бағалары 25 теңгеден басталады.

Медициналық ұйымдарда 900 млн теңгеге дәрі-дәрмек қоры, 46 941 ЖҚҚ жиынтықтары, 2 миллион медициналық бетперде, 1 014 600 медициналық қолғап дайындалды. Қоймаларды аралаған Мұрат Әйтенов кейіннен күніне 20 мың бетперде шығаратын «Bіzhon» ЖШС-ы мекемесіне барды. Мұндағы бетперделер үш қабатты бір рет қолданылады. 2020 жылы жалпы сомасы 78 400 000 теңгені құрайтын 2 240 000 дана медициналық бір реттік бетперде өндірген. Ал, «Экофарм» ЖШС мекемесінде көп реттік және бір реттік медициналық киімдер тігіледі. Өндіріс орны тәулігіне 2000 дана медициналық қорғаныс киімін тігуге қауқарлы. Өткен жылы сомасы 4 520 985 404 теңгеге 648 876 дана медициналық бұйымдарды шығарды. Оның ішінде обаға қарсы киімдер, көп рет қолданылатын дәке таңғыштар бар.

Аралау соңында қала әкімі «Айкөмек 109» орталығында қаладағы фарм компаниялардың және тиісті сала басшыларының қатысуымен онлайн көшпелі жиналыс өткізді. Онда фармацевтикалық мекеме өкілдерінің мәселелерін тыңдап, ортақ шешімдер қабылданды. Коронавируспен ауырған науқастар ауруханаларда тегін ем қабылдайды. Заңсыздықтар орын алар болса басшылар қатаң жауапкершілікке тартылады. Барлығы өзімнің жіті бақылауымда болады, – деді қала басшысы.

Previous Post

ВРАЧ, КОТОРЫЙ ПРОВЕЛ ЛЕЧЕНИЕ БОЛЕЕ СТА БОЛЬНЫМ В ДЕНЬ В УСЛОВИЯХ ПАНДЕМИИ

Next Post

СПИРТ ӨНДІРЕТІН АСТЫРТЫН ЗАУЫТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде