masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ IV ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің IV Пленумында «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» кітабының тұсауы кесілді.

24 февраля, 2021
in Білім
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ IV ПЛЕНУМЫ ӨТТІ
0
SHARES
31
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Облыс басшылығының қолдауымен жарық көрген кітапта облыс ардагерлері туралы соңғы деректер толық қамтылған. Санитарлық талаптарға сай онлайн режимінде ұйымдастырылған Пленум жұмысын облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов жүргізді.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Nur Otan» Партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Шәріпбек Жамалбек, басқарма басшылары қатысты. Аудан, қалалардан бейнебайланыс арқылы 250-ге жуық адам, атап айтсақ, аудандық, қалалық және бастауыш ардагерлік ұйымдардың өкілдері, Әжелер алқасының төрайымдары, зиялы қауым, аудан, қалалық Жастар ресурстық орталығының басшылары қосылды.

«Біз, келер ұрпақтың Тәуелсіздікке құрметпен қарауын қаншалықты қалайтын болсақ, соншалықты оның қадірін түсіндіре білуіміз керек. Ол әрине, өздеріңіздің көмектеріңізбен жүзеге асады. Осы орайда баршаңызды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясындағы маңызды шараларға атсалысып, жастардың санасына оның қадір, қасиетін сіңіруге бір кісідей атсалысуға шақырамын»,-деді отырыста сөз алған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.
Облыс басшысының тапсырмасымен өткен жылы өңірде қоғамдық келісімді сақтау, этносаралық кикілжіңдер мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, құқық қорғау және салаға жауапты органдарының басшылары, аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері және жергілікті жерлердегі беделді, белсенді азаматтар енгізіле отырып, арнайы жұмысшы тобы құрылды. Пандемия жағдайына қарамастан жұмысшы топ онлайн форматта және карантиндік талаптарды сақтай отырып, көптеген кездесулер өткізді. Бұл шаралар биыл да жүйелі түрде жалғасуда.

«Елдегі діни қақтығыстардың алдын-ала отырып, жастарды тура жолға салу, тәрбиелеу – алдыңғы буынның басты міндеті деп білемін. Елімізде, соның ішінде облыс көлеміндегі діни ахуал тұрақты. Десек те бүгінгідей ақпараттар ағыны шектен тыс таралып жатқан уақытта арқаны кеңге салып тоқмейілсінуге әсте болмайды. Сондай-ақ, әлемде, елімізде орын алған пандемияға байланысты жақындарымыздан көз жазып қалған оқиғалар аз емес. Кей жерлерде жаназа күндері адамдардың көп шоғырлануымен қатар, ас-сулардың ысырапқа ұшырап жатқандығына қоғам куә. Сондықтан алдағы уақытта облыстық «Ардагерлер кеңесі», зиялы қауым өкілдері мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігімен бірлесе отырып осы мәселені реттеудің тиімді тәсілі ретінде жер-жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет»,-деді облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов.

Түркістан облысы көлемінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 750 мешіт-филиалдары жұмыс атқаруда. Бұл республикадағы мешіттердің 3/1 құрайды. Облыс ақсақалдары жастар арасындағы түрлі жат қылықтардың алдын алу, ұлттық әдет-ғұрыптарды сақтау мақсатында «Ардагерлер кеңесі» жанынан құрылған «Әкелер мектебі» арқылы тиісті шараларды қолға алу көзделуде. Облыстық ардагерлер кеңесінің IV Пленумында сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің 2020 жылғы атқарылған жұмыстары мен 2021 жылға жоспарлаған негізгі іс-шараларды жүзеге асыру міндеттері айтылды.
Сондай-ақ, жиында кеңес мүшелері жеке-жеке баяндама жасап өз ойларын ортаға салды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ 6 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК БАР

Next Post

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ШЫМКЕНТТІҢ ӘР ЕКІНШІ ТҰРҒЫНЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТУМАСЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде