masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ 6 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК БАР

Шымкент - жасыл желегі жайқалған қалаға айналады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында 5 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілген.

24 февраля, 2021
in Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ 6 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК БАР
0
SHARES
30
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бұл жөнінде онлайн форматта өткен есепті кездесуде қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
Шымкенттің о бастан жасыл қала болғанын еске алған қала басшысы келушілерді бірден жылылыққа бөлейтін ауа райымен ерекше — Шымкент қаласын бақ қалаға айналдыру қажет екенін атап өтті.
«Біздің есебіміз бойынша қалада 6 миллионға жуық жасыл желек бар. Былтыр 2021-2025 жылдар аралығында «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспарын бекіттік. Жоспар бойынша 6,5 млн түп ағаш егеміз. Биыл күзде бастаймыз. Қаладағы ағаш қоры екі есеге артады»,-деді М.Әйтенов.
Сонымен қатар, қалада жалпы аумағы 244 гектарды құрайтын 9 саябақ пен 37 гектарлық 39 гүлзар мен аллея бар. Қалада 40 гектарға жуық жерге «Шымситиден» саябақ салу, сонымен бірге төрт гүлзар салу көзделуде.
Бұдан бөлек, қалаға ауаның ластануын қадағалайтын 26 датчик орнатылады. Сол датчиктердің ақпараты қаладағы ЛЭД-экрандар мен телеарналардан және әлеуметтік желілер арқылы беріліп отырады.
Қаланы қолайлы қала ету үшін оның сәулеті мен көркіне де көңіл бөлініп жатқанын айтқан әкім өткен жылы демеушілер есебінен 77 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жаңарғанын жеткізді.

Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР

Previous Post

Шымкентте 221 мемлекеттік мекеме OPEN SPACE форматында жұмыс істейді

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ IV ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде