masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

1 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
САЙРАМ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
0
SHARES
6
VIEWS
БөлісуТуиттеу

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сайрам ауданында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйланды.
Мерекелік шарада аудан әкімі Мадияр Оразалиев балалар мен олардың ата-аналарын маңызды мерекемен құттықтады. Өз сөзінде жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін қолайлы жағдай жасау, олардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына мүмкіндік беру әрдайым басты назарда екенін атап өтті.
Іс-шара барысында концерттік бағдарламалар ұсынылып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Сонымен қатар, өмірлік жағдайына байланысты ата-ана қамқорлығынсыз қалған 66 балаға арнайы сыйлықтар табысталды. 29 балаға жазғы демалысын мазмұнды әрі пайдалы өткізу мақсатында «Болашақ» сауықтыру лагеріне жолдама берілді.
Мерекелік жиында бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, балалар шаттыққа бөленді.
Халықаралық балаларды қорғау күні – әр баланың бақытты балалық шаққа, сапалы білімге және жан-жақты дамуға деген құқығын дәріптейтін маңызды мереке. Сайрам ауданында балалардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА 1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ АУҚЫМДЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Next Post

1 МАУСЫМ – БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде