masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМДА СУ ҮНЕМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

14 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
САЙРАМДА СУ ҮНЕМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
0
SHARES
6
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Сайрам ауданы аумағында суармалы егіншілікті тұрақты дамыту және ағын суды тиімді пайдалану мақсатында су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Су ресурстарын тиімді басқару бүгінгі таңда аудан үшін стратегиялық маңызы бар басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған.
Суармалы алқаптарға ағын суды қажетті көлемде әрі белгіленген мерзімінде жеткізу – ауыл шаруашылығы саласының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі. Алайда соңғы жылдары климаттық өзгерістердің әсерінен су қорының азаюы байқалуда. Атап айтқанда, ауданның негізгі су көздерінің бірі саналатын Ақсу өзенінен келетін табиғи су көлемі соңғы 5 жылда шамамен 40 пайызға төмендеген. Бұл жағдай әсіресе жаз айларында егістік алқаптарды сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туғызып, ауыл шаруашылығы өнімділігіне де әсер етуде.
Осыған байланысты Мемлекет басшысының су ресурстарын үнемдеу және заманауи технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Сайрам ауданы бойынша биыл 1107 гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланған. Қазіргі таңда ауылдық округтерден 129 агроқұрылым бойынша 948,71 гектар алқапқа нақты жоспар жасақталған. Оның ішінде 636 гектарға тамшылатып суару, ал 312 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын енгізу көзделіп отыр.
Бұл бағыттағы жұмыстар нақты нәтижесін бере бастады. Мәселен, Ақбұлақ ауылдық округіндегі «Ат баптау» ЖШС 92,5 гектар жерге тамшылатып суару жүйесін енгізу үшін қаржы институттарымен келісімшарт жасап, инфрақұрылымдық жабдықтарды орнату жұмыстарын бастады. Жоба аясында заманауи суару жүйелері егістік алқаптарға кезең-кезеңімен орнатылуда.
Су үнемдеу технологиялары ауыл шаруашылығында су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп қана қоймай, өнімділікті айтарлықтай арттырады. Мамандардың айтуынша, мұндай жүйелер арқылы ағын су қажетті мөлшерде және нақты уақытында беріледі. Сонымен қатар минералды тыңайтқыштардың тиімділігі артып, бір алқаптан жылына 2–3 рет өнім алуға мүмкіндік туады. Ең бастысы, бұл топырақ құнарлылығын сақтауға және эрозияның алдын алуға ықпал етеді.
Аталған жобаларға мемлекет тарапынан да айтарлықтай қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, қаржы институттары арқылы жеңілдетілген несие беру және шығындардың 80 пайызына дейін субсидиялау тетігі қарастырылған. Бұл өз кезегінде шаруаларға заманауи технологияларды енгізуді жеңілдетіп отыр.
Сайрам ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы құрылымдарын мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға және уақыт талабына сай озық технологияларды кеңінен енгізуге шақырады.
Жалпы, Сайрам ауданында су ресурстарын үнемдеу және агроөнеркәсіп саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл шаралар өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін арттырып, шаруалардың табысын көбейтуге және экологиялық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Previous Post

САРЫАҒАШ: АУЫЗ СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Next Post

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде