masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

САЙРАМДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

14 мая, 2026
in Uncategorized
0
САЙРАМДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ ҚАРҚЫН АЛДЫ
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

САЙРАМДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Сайрам ауданы – ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған өңірлердің бірі. Ауданда егін шаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдар саны жыл сайын артып, суармалы жерлер көлемі кеңейіп келеді. Осыған байланысты ағын су қорын тиімді пайдалану мәселесі бүгінде аса маңызды бағыттардың біріне айналып отыр. Әсіресе климаттық өзгерістер мен табиғи су көздерінің азаюы шаруаларға жаңа технологияларды енгізу қажеттігін көрсетуде.

Соңғы жылдары әлем бойынша су тапшылығы өзекті мәселеге айналып келеді. Бұл жағдай Түркістан облысына қарасты аудандарға да әсер етуде. Атап айтқанда, Сайрам ауданындағы негізгі су көздерінің бірі саналатын Ақсу өзенінен келетін табиғи су көлемі азайып, егістік алқаптарын сумен қамтуда қиындықтар туындауда. Мамандардың мәліметінше, соңғы бес жыл ішінде өзен суының көлемі шамамен 40 пайызға төмендеген. Мұндай өзгерістер әсіресе жаз мезгілінде анық байқалып, шаруалардың өнім көлеміне әсерін тигізуде.

Осыған байланысты ауданда су ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мемлекет басшысының суармалы жерлерге су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл аудан бойынша 1107 гектар алқапқа заманауи су үнемдеу жүйелерін енгізу жоспарланған. Қазіргі таңда ауылдық округтерден 129 агроқұрылым бойынша 948,71 гектар жерге нақты жоспар жасақталған. Оның ішінде 636 гектарға тамшылатып суғару, ал 312 гектарға жаңбырлатып суғару технологиясын енгізу көзделіп отыр.

Су үнемдеу технологияларын қолдану – уақыт талабы. Бұл тәсілдер арқылы ағын суды тиімді пайдаланып қана қоймай, өнім көлемін арттыруға мүмкіндік бар. Мәселен, тамшылатып суғару жүйесі суды тікелей өсімдік түбіне жеткізіп, ылғалдың ысырап болуын азайтады. Ал жаңбырлатып суғару әдісі егістік алқаптарын біркелкі суаруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде судың шығыны азайып, топырақтың құнарлылығы сақталады.

Ауданда бұл бағыттағы нақты жобалар жүзеге асырыла бастады. Соның бірі – Ақбұлақ ауылдық округіндегі «Ат баптау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастамасы. Аталған шаруашылық 92,5 гектар жерге тамшылатып суғару жүйесін енгізу жұмыстарын қолға алған. Жоба аясында «Жәрдем АС» микроқаржы ұйымымен келісім жасалып, қажетті құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастама аудан шаруалары үшін тиімді тәжірибенің үлгісіне айналып отыр.

Мамандардың айтуынша, су үнемдеу технологиялары арқылы дақылдарға қажетті су көлемін дәл уақытында әрі мөлшермен беруге болады. Сонымен қатар минералды тыңайтқыштардың тиімділігі артып, бір алқаптан жылына екі-үш рет өнім алу мүмкіндігі көбейеді. Ең бастысы – топырақтың эрозияға ұшырауы азайып, жердің құнарлылығы ұзақ уақыт сақталады. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайтып, шаруалардың табысын арттыруға ықпал етеді.

Бүгінде мемлекет тарапынан су үнемдеу технологияларын енгізуші шаруаларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, қаржы институттары арқылы жеңілдетілген несиелер беру, сондай-ақ қажетті шығындардың 80 пайызына дейін субсидиялау тетіктері қарастырылған. Мұндай қолдау агроқұрылымдардың заманауи технологияларға көшуіне үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Сайрам ауданында қолға алынған бұл жұмыстар өңірдің аграрлық әлеуетін арттыруға және су тапшылығының салдарын азайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады. Су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына жол ашылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етпек.

Мамандар аудан шаруаларын мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, заманауи технологияларды кеңінен енгізуге шақырады. Себебі су үнемдеу – тек бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақтың да маңызды мәселесі.

Previous Post

КЕЛЕСТЕ ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН ӘКІМДІК ҚАҒИДАТЫ ЖАЛҒАСУДА

Next Post

КЕЛЕС: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде