masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕСТЕ ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН ӘКІМДІК ҚАҒИДАТЫ ЖАЛҒАСУДА

14 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
КЕЛЕСТЕ ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН ӘКІМДІК ҚАҒИДАТЫ ЖАЛҒАСУДА
0
SHARES
8
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында көтерілген мәселелердің орындалуын жеке бақылауына алды. Халықпен кері байланысты нығайту және тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беру – аудан әкімдігінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Осы мақсатта өткізілетін қоғамдық қабылдаулар барысында тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері тыңдалып, оларды шешу жолдары қарастырылып келеді.
Қоғамдық қабылдауда Абай ауылының тұрғыны өзі тұратын тұрғын үй маңындағы Араншы каналынан өтетін арыққа байланысты мәселе көтерген болатын. Тұрғынның айтуынша, аудан орталығының Абай көшесіндегі мекенжайында орналасқан жер телімі арқылы Араншы-1 каналынан су бөлгіші арқылы өтетін арықтың тарлығы мен қолайсыздығы қиындық туғызып отырған. Әсіресе су көлемі артқан кезде арықтың су өткізу мүмкіндігі төмендеп, тұрғындарға қолайсыз жағдай қалыптасатыны айтылды.
Сонымен қатар арықтың қазіргі жағдайы қауіпсіздік мәселесіне де әсер етіп отырғаны көтерілді. Тұрғындар су арнасының тарлығы салдарынан жауын-шашын кезінде су тасу қаупі бар екенін айтып, мәселені шешуге көмек сұраған. Бұл мәселе ұзақ уақыттан бері тұрғындарды алаңдатып келгендіктен, аудан басшысы өтінішті жіті назарға алды.
Қабылдау барысында аудан әкімі мәселенің мән-жайын сол жерде ғана тыңдап қоймай, арнайы мамандармен бірге аталған аумаққа барып көретінін айтқан еді. Аудан басшысы уәдесінде тұрып, жауапты бөлім мамандары мен сала өкілдерін ертіп, тұрғын көтерген мәселенің басына барды. Арнайы зерделеу барысында арықтың техникалық жағдайы қаралып, су өткізу жүйесінің қазіргі ахуалына талдау жасалды.
Аумақтағы жағдаймен танысқан аудан әкімі жауаптыларға арықты кеңейтіп, су өткізу жүйесін реттеу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен бірге тиісті инженерлік шешімдер қарастырылып, арықтың тиімді әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолдары талқыланды. Жауапты сала мамандарына мәселені қысқа мерзімде шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.
— Халық көтерген әрбір мәселе назардан тыс қалмайды. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. Сондықтан бұл мәселені жауапты мамандармен бірге зерделеп, заң аясында оң шешу жолдарын қарастырамыз, – деді аудан әкімі Жәнібек Есенұлы.
Аудан басшысы тұрғындардың өтініштеріне бейжай қарамау мемлекеттік қызметтің басты қағидаларының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, халықпен ашық диалог орнату және нақты мәселелерді жергілікті жерде шешу – ел сенімін арттырудың маңызды тетігі.
Нәтижесінде, арықтың су өткізу мүмкіндігін арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді. Алдағы уақытта су арнасын кеңейту, тазалау және қажетті құрылыс жұмыстарын жүргізу мәселелері кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар аудан көлемінде инфрақұрылымдық мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Су арналары мен арық жүйелерін ретке келтіру, көшелерді абаттандыру, инженерлік инфрақұрылымды жаңарту секілді жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Аудан әкімі тарапынан қоғамдық қабылдауда көтерілген әрбір мәселе кезең-кезеңімен бақылауға алынып, тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті жұмыстар жалғасатын болады. Бұл өз кезегінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының өңірлерде нақты іске асып жатқанын көрсетеді.
Жалпы, Келес ауданында тұрғындармен кері байланыс орнату, олардың талап-тілектерін ескеру және өзекті мәселелерді дер кезінде шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Мұндай жүйелі жұмыстар халықтың билікке деген сенімін нығайтып, ауданның әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына оң әсерін тигізбек.

Previous Post

Прозрачность и ответственность в жилищной сфере: в Шымкенте прошел форум «TURGYNDAR AMANATY»

Next Post

САЙРАМДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде