masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады

2 октября, 2025
in Білім, Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты.
– Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім» деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім – әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болары хақ. Себебі әр мұғалімнің еңбегі – ерен, еліміздің дамуына қосқан үлесі – орасан. Сондықтан бүгін мен білім беру саласында еңбек етіп жүрген барша азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы озық ойлы ұлт болу үшін ең алдымен, білім-ғылымның дамуына баса мән беруіміз керек деп санайды.
– Соңғы бес жылда елімізде осы бағытта көп жұмыс істелді. Білім саласына бөлінетін қаржы үш есе артты. 1200 жаңа мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба бойынша заман талабына сай 150 білім ошағы салынды. Сондай-ақ осындай 67 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Балалардың сапалы білім алуына қажетті барлық жағдай жасалуда. Бұл деректі халық білуі керек, себебі мемлекет жас ұрпақтың біліміне және ұстаздардың жағдайына баса назар аударып жатыр. Біз педагогтердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты шараларды қолға алдық. Арнайы заң қабылдадық. Бүгінде ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті, – деді Президент.
Ұстаз мәртебесі – ұлт мәртебесі. Мұғалімнің қоғамдағы беделі мен рөлі қандай биік болса, сол қоғамның болашағы да соншалықты кемел болмақ. Соңғы жылдары қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заң мұғалімдерге кәсіби еркіндік беріп қана қоймай, артық жүктемелерден босатты. Сонымен қатар, мұғалімдерге қосымша әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылып, олардың зейнетақы, тұрғын үй және медициналық қамсыздандыру мәселелері оң шешімін табуда.
Цифрлық білім беру жүйесі де қарқынды дамып келеді. Қашықтан оқыту жүйесінің енгізілуі мұғалімдердің ІТ сауаттылығын арттырып, оқыту әдістеріне жаңа серпін берді. Арнайы платформалар мен интерактивті құралдар ұстаздарға білім беру процесін заманауи талаптарға сай жүргізуге мүмкіндік беруде.
Болашақтың мектебі – шығармашыл мұғалімнің мектебі. Бүгінгі ұстаз – тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші, ментор және оқушылардың өмірлік бағыт-бағдарын айқындайтын тұлға. Сондықтан педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыру – күн тәртібінен түспейтін маңызды міндеттердің бірі.
Оқушылардың жетістігі – ұстаз еңбегінің айнасы. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жетістікке жетіп жүрген жас ұрпақ – еліміздегі білім беру сапасының нәтижесі. Мұндай табыстардың артында қажырлы еңбек пен тынымсыз ізденіс тұрғаны анық.

Previous Post

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІК ХАБЫ РЕТІНДЕГІ РӨЛІ КҮШЕЙЕДІ

Next Post

Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде