masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІК ХАБЫ РЕТІНДЕГІ РӨЛІ КҮШЕЙЕДІ

2 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІК ХАБЫ РЕТІНДЕГІ РӨЛІ КҮШЕЙЕДІ
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында.
Мемлекет басшысы сондай-ақ: «Қазақстан Еуразиядағы көлік хабы болуға тиіс. Бұл – стратегиялық маңызы зор міндет. Бұл жұмысқа осы салада табысқа жеткен үздік мамандар мен кәсіпкерлерді тарту қажет. Бірақ негізгі жауапкершілік – Үкіметте», – деді.
Аталған бағыттарды іске асыру мақсатында Шымкент қаласында цифрлық құралдар мен автоматтандырылған жүйелер енгізілуде.
Сонымен қатар, Гонконгтағы Belt and Road халықаралық саммиті аясында Гонконг әуежайы мен «Шымкент әуежайы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстанның географиялық орналасуы – оның басты артықшылықтарының бірі. Еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын маңызды стратегиялық аймақта орналасқандықтан, транзиттік әлеуеті өте жоғары. Қазіргі таңда Қазақстан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі, Трансқауымдастық тасымал дәлізі және Қытай – Қазақстан – Еуропа бағытындағы теміржол бағыттары арқылы миллиардтаған долларлық жүк айналымын жүзеге асырып отыр.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы мен Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы ынтымақтастық Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын жаңартуға және кеңейтуге мүмкіндік берді. Ел аумағында бірнеше халықаралық маңызы бар автожолдар мен теміржол желілері жаңартылды, заманауи көлік-логистикалық орталықтар мен құрғақ порттар салынды. Соның ішінде Қорғас – Шығыс қақпасы арнайы экономикалық аймағы Қазақстанның Қытаймен шекарадағы ең ірі сауда хабына айналды.
Теміржол тасымалы да қарқынды дамуда. «Достық – Алашаңқай», «Алтынкөл – Қорғас» шекаралық өткелдері арқылы Қытайдан Еуропаға және кері бағытта жүк тасымалы бірнеше есе артты. Сонымен қатар, Каспий теңізі арқылы «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» (ТХКБ) арқылы да жүк тасымалы артып келеді. Бұл дәліз Қазақстанды Кавказ елдері, Түркия және одан әрі Еуропамен байланыстырады.
Шымкент қаласының әлеуеті ерекше аталып өтуде. Оның географиялық тұрғыда тиімді орналасуы және даму қарқыны халықаралық әуежай мен құрлық көлігі арасында логистикалық торап құруға мүмкіндік береді. Гонконг әуежайымен жасалған ынтымақтастық меморандумы – қаланың халықаралық авиация нарығындағы рөлін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Осылайша, Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі көлік және транзит хабы ретіндегі рөлі жыл санап артып келеді. Бұл ел экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сауда-саттық көлемін ұлғайтуға және халықаралық ықпалдастықты нығайтуға зор мүмкіндік береді.

#Президентжолдауы2025

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «БАБАЛАР РУХЫНА 100 ХАТЫМ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Next Post

Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде