masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Еңбекші ауданында қоғамдық аумақтарды аралау жұмыстары жалғасуда

2 сентября, 2025
in Uncategorized
0
Еңбекші ауданында қоғамдық аумақтарды аралау жұмыстары жалғасуда
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Еңбекші ауданының әкімі Д. Есілбек жауапты сала мамандарымен бірге Ақназархан және Елшібек батыр көшелерін, Цементшілер шағын ауданын, Жеңіс саябағын және Елшібек батыр көшесі бойындағы гүлзарды аралады. Аудан аумағын аралау барысында әкім бірқатар нысандардағы жұмыстардың барысымен танысып, абаттандыру, санитарлық тазалық және қауіпсіздікке қатысты мәселелерге ерекше назар аударды.

Аудан көшелеріндегі санитарлық тазалық жұмыстары басты бақылауда болды. Қоқыс алаңшаларының жай-күйі, жол жиегі мен тротуарлардың тазалығы, жасыл аймақтардың күтімі егжей-тегжейлі қаралды. Әкім тазалық – ауданның көркі әрі тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды көрсеткіш екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты әрі жүйелі жүргізу қажеттігін тапсырды.

Түнгі жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Әкім көше бойындағы шамдардың жұмысын тексеріп, кейбір аумақтарда жарық бағаналарының істен шыққанын анықтады. Жауапты мамандарға тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ақауларды дер кезінде жоюды және жаңа шамдар орнату жұмысын жеделдетуді міндеттеді.

Балалар ойын алаңшаларының жағдайы да қаралды. Әкім алаңдардағы жабдықтардың сапасына, қауіпсіздігіне және қолжетімділігіне мән берді. Кейбір аумақтарда бүлінген ойын құрылғыларын жөндеу немесе жаңасын орнату қажеттігі анықталды. Бұл бағытта тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, балалардың бос уақытын қауіпсіз әрі мазмұнды өткізуіне жағдай жасау міндеттелді.

Құрылыс нысандарының барысы да тексерілді. Әсіресе, жаңа аяқжолдар салу, гүлзарларды абаттандыру, тұрғын үйлердің ауласын ретке келтіру жұмыстарының қарқыны бағаланды. Мердігер мекемелерге сапаны басты назарға алу, жұмыс мерзімін бұзбау туралы талап қойылды.

Жеңіс саябағындағы жағдайға ерекше көңіл бөлінді. Әкім бұл аумақтың тұрғындар мен жастардың сүйікті демалыс орны екенін атап өтіп, саябақтағы жасыл желекті күтіп-баптау, гүл егу, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін көбейту жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, олардың пікірлерін болашақ жұмыс жоспарына енгізуді тапсырды.

Жалпы, Еңбекші ауданында абаттандыру, санитарлық тазалық, инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табуда. Аудан әкімі әрбір нысандағы жұмыстың сапасы қатаң бақылауда болатынын жеткізіп, жауаптыларға тапсырмаларды нақты орындауды міндеттеді.

Previous Post

БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Next Post

Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде