masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

2 сентября, 2025
in Қоғам
0
БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Адамзат тарихына көз жүгіртсек, кез келген елдің өркендеуі ең алдымен халық арасындағы татулық пен түсіністікке байланысты болғанын байқаймыз. Өйткені ынтымақсыз, өзара сенімсіз ешбір жетістік ұзаққа бармайды. Қоғамдағы тұрақтылық – экономикалық қуаттың, әлеуметтік прогрестің, тіпті халықаралық беделдің де берік тірегі.

Бүгінде әлемнің түрлі түкпірінде алауыздықтың кесірінен тұралаған мемлекеттер аз емес. Бір елде этносаралық жанжал өршіп жатса, енді бірінде діни қайшылық қоғамды дағдарысқа ұшыратуда. Мұндай жағдайда Қазақстанның бірлік пен достықты мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыруы – халқымыздың тарихи тәжірибесінен бастау алған даналық шешім.

Қазақ халқының қонақжайлығы мен кеңпейілдігі, тағдыр тәлкегіне түскен этнос өкілдеріне қол ұшын созуы – бүгінгі қоғамдық келісімнің берік іргетасы. ХХ ғасырдағы ауыр депортация жылдарында мыңдаған этностар қазақ жерінен пана тауып, жаңа өмір бастады. Бұл – татулықтың құнын ұқтырған тарихи сабақ.

Достық – адамдарды ортақ мақсатқа ұйыстыратын, сенім мен ынтымақты күшейтетін асыл қасиет. Әсіресе көпэтносты Қазақстан үшін оның мәні айрықша. Бүгінде елімізде 130-дан астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп, дамуға үлес қосуда. Бұл – достықтың қоғамды біріктіріп қана қоймай, мәдениеттерді тоғыстырып, елді рухани байытатынының дәлелі.

Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері – жаңа астананың бой көтеруі, халықаралық беделдің артуы, экономикалық табыстар – бәрі де бірліктің арқасында жүзеге асты. Себебі алауыздық бар жерде күш-қуат ыдырап кетсе, ынтымақ бар жерде әр азаматтың еңбегі ел дамуына жұмсалады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулық пен келісімді нығайтудың бірегей үлгісі. Ол этнос өкілдерінің мәдениетін сақтап қана қоймай, әрқайсысына мемлекет дамуына үлес қосуға мүмкіндік беріп отыр. Әлем елдерінің Қазақстан тәжірибесін этносаралық татулықтың үлгісі ретінде мойындауы – осының айғағы.

Саяси жүйелер өзгеруі мүмкін, экономика құбылады. Ал достық пен бірлік – уақыт сынынан өтетін мәңгілік құндылықтар. Олар жылдан жылға маңызын жоғалтпай, қайта арта түседі. Сол себепті бірлікті сақтау – болашақты қорғау, достықты дәріптеу – бейбіт өмірді нығайту. Бұл – баршамызға ортақ парыз.

#МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK

Previous Post

В Шымкенте открылась новая школа в рамках проекта «Келешек мектебі»

Next Post

Еңбекші ауданында қоғамдық аумақтарды аралау жұмыстары жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде