masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

5 августа, 2025
in Uncategorized
0
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: №99 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

 

«AMANAT» партиясы өз сайлауалды бағдарламасында белгіленген міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуына ерекше мән береді. Бұл бағытта Партиялық бақылау комиссиялары құрылыс, инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік нысандардың ахуалын тұрақты тексеріп отырады. Осындай жоспарлы жұмыстардың бірі – Шымкент қаласының Еңбекші ауданында салынып жатқан №99 мектеп-гимназиясының құрылысын бақылау.

Комиссия құрамында төраға Ғани Ташқараев, қалалық мәслихат депутаты Байкен Әшірбаев, Еңбекші аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Гүлжазира Сәрсенбиева, партиялық бақылау инспекторы Айжаркын Абилдаева, аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Мақсат Жолдасбеков және өзге де жауапты өкілдер болды.

Зерделеу барысында нысандағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу екені белгілі болды. Ішкі әрлеу, инженерлік жүйелерді орнату және абаттандыру жұмыстары қарқын алғанымен, кейбір бағыттарда әлі де толықтыруды қажет ететін тұстар бар. Әсіресе қасбеттік есіктердің сапасына қатысты ескерту жасалып, мердігерге кемшіліктерді жою жөнінде нақты мерзім белгілеу тапсырылды.

Мердігер ұйым өкілдері мектепті 2025 жылғы 20 тамызға дейін толықтай пайдалануға беруге және сапаны қамтамасыз етуге міндеттеме алды. Бұл оқу орны іске қосылған соң, Еңбекші ауданының білім беру инфрақұрылымын едәуір жақсартып, оқушыларға кең, жарық, заманауи жабдықталған сыныптарда білім алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Еңбекші ауданының инженерлік инфрақұрылымдық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ауданда су құбырларын жаңарту, кәріз жүйелерін тарту, электр желілерін күшейту және жолдарды жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен іске асуда. Бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, жаңа әлеуметтік нысандардың тұрақты жұмыс істеуіне және экономикалық әлеуеттің өсуіне септігін тигізеді.

«AMANAT» партиясы халықтың күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін инженерлік инфрақұрылым мәселелерін де қатаң бақылауда ұстайды. Мектеп сияқты әлеуметтік нысандардың сапалы инфрақұрылымға қосылуы балалардың қауіпсіз және жайлы ортада оқуына жағдай жасайды.

Комиссия мүшелері құрылыс барысын тұрақты бақылап, келесі айда нысанға қайта оралып, барлық кемшіліктердің жойылған-жойылмағанын тексеретіндерін жеткізді. Партия үшін бастысы – сайлауалды уәделердің орындалуы ғана емес, сонымен бірге тұрғындардың сенімін толық ақтау.

Previous Post

Еңбекші ауданында аялдама құрылымы толық жаңартылды

Next Post

Шымкентте «Текесу» тұрғын алабында жаңа су жүйесі іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде