masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Базар маңында инфрақұрылым жаңарып, тазалық мәдениеті күшейтілуде

12 июля, 2025
in MASA24.KZ
0
Базар маңында инфрақұрылым жаңарып, тазалық мәдениеті күшейтілуде
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласында халыққа қолайлы жағдай жасау, сауда инфрақұрылымын жаңарту және көріктендіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның айқын көрінісі – Жібек жолы көшесі бойындағы «Көктем» базары маңында қолға алынған кешенді жұмыстар. Қазіргі таңда бұл аумақта инфрақұрылымды жаңғырту, санитарлық талаптарды күшейту, сонымен қатар тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі шаралар іске асырылып жатыр.
Бүгінде аталған базар аумағында үш қабатты заманауи сауда орталығы бой көтеріп, кәсіпкерлер жаңа форматтағы сауда нүктелеріне кезең-кезеңімен көшірілуде. Бұл нысан санитарлық-гигиеналық және өрт қауіпсіздігі талаптарына толығымен сай жабдықталған. Жалпы аумағы 7200 шаршы метрді құрайтын кешенде қажетті инженерлік жүйелер (сумен қамту, кәріз, электр, желдету, өрт сөндіру жүйесі) толық іске қосылған.
Сауда орталығындағы инфрақұрылым заманауи стандарттарға сәйкес құрылды. Бірінші қабат – құрылыс материалдары мен сантехникаға, екінші қабат – азық-түлік және күнделікті тұтыну тауарларына, ал үшінші қабат – киім-кешек, ойыншықтар мен халық тұтынатын өзге де тауарларға арналған. Барлық сауда нүктелері кең әрі жарық, қолжетімділігі жоғары. Бұл – кәсіпкерлер үшін де, тұтынушылар үшін де қолайлы орта қалыптастырудағы маңызды қадам.
Инфрақұрылыммен қатар, аумақта көріктендіру және абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жаяу жүргіншілер жолдары, жол жиектері мен тротуарлар қайта жөнделіп, жаңадан жарық шамдары орнатылды. Қалдықтарды жинауға арналған арнайы жәшіктер қойылып, жасыл желектер отырғызылды. Бұған қоса, автотұрақ аумағы кеңейтіліп, көлік қозғалысын реттейтін белгілер жаңартылды.
Тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлер мен келушілерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Сенбіліктер мен санитарлық рейдтер ұйымдастырылып, экологиялық мәдениетті арттыру бағытында үгіт-насихат материалдары таратылып жатыр. Бұл бастамалар қала экологиясын сақтауға, қоғамдық тәртіп пен мәдениеттің артуына зор ықпал етеді.
Жаңа сауда форматындағы тағы бір маңызды шешім – жалға алу құнының өзгеріссіз қалуы. Мәселен, 2х3 метр көлеміндегі бутикті бұрын 25 000 теңгеге жалға алып келген кәсіпкер бүгінде дәл сол бағамен жаңа нысанда саудасын жалғастыруда. Бұл кәсіпкерлердің мүддесін ескере отырып қабылданған тиімді шешім.
Базар маңындағы кешенді жұмыстар Шымкент қаласын көркейтуге, халық үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған. Мұндай жобалар қала келбетінің жақсаруына, тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына және жалпы қоғамдық мәдениеттің нығаюына жол ашады.

Previous Post

Шымкент: Еңбекші ауданында инженерлік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жетілдіру, экожүйені қорғау және көріктендіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде