masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚЫСҚЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

17 июля, 2025
in Uncategorized
0
ҚЫСҚЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында алдағы 2024-2025 жылғы қысқы жылу маусымына дайындық жүйелі түрде жүргізілуде. Осыған орай, бүгін аудан әкімі Д. Есілбек Ш. Уәлиханов көшесі №221 және Ақназархан көшесі №39 мекенжайларында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде жүргізіліп жатқан жылу жүйелерін сығымдау (опрессовка) жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды «MASA24.KZ» ақпарат агенттігі. Аудан басшысы мердігер мекемелер мен жауапты сала мамандарына дайындықты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берді.

https://masa24.kz/wp-content/uploads/2025/07/WhatsApp-Video-2025-07-22-at-23.32.27.mp4

Жылу жүйелерін сығымдау – әрбір тұрғын үйдің қыста жылы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ететін негізгі кезеңдердің бірі. Бұл жұмыстың барысында құбырлардың қысымға төзімділігі тексеріліп, ақау орындары анықталады. Тозығы жеткен құбырлар мен радиаторлар уақтылы жөнделіп немесе ауыстырылады. Бұл шаралар – тұрғындарды алдағы суық мезгілде жылумен үздіксіз қамту үшін өте маңызды.
Аудан әкімдігі тарапынан көпқабатты үйлердің қысқы жылу маусымына дайындығы қатаң бақылауға алынған. Тұрғындар да бұл іске белсенді атсалысулары қажет. Әсіресе, пәтер иелері кооперативтері, басқарушы компаниялар мен тұрғындардың өзара бірлескен жұмысы маңызды рөл атқарады. Әр үйдің ішкі жылу жүйесін реттеп, құбырларды тазарту, жүйелерді сығымдау, жөндеу жұмыстары уақтылы жүргізілуі тиіс.
Құрметті көпқабатты үй тұрғындары!
Қыста қиындық туындамас үшін дайындықты кешіктірмей, үйлеріңіздегі жылу жүйелерін тексертіп, қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстарын алдын ала жасауларыңызды сұраймыз. Қысқы маусымда жылудың үздіксіз әрі сапалы берілуі үшін әрбір тұрғынның жауапкершілігі маңызды. Бұл – ортақ міндет.
Қосымша сұрақтар мен кеңес алу үшін Еңбекші ауданы әкімдігінің 8 (7252) 43-31-09 байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.
Аудан әкімдігі тұрғындардың қыста алаңсыз, жылы әрі жайлы өмір сүруі үшін барлық қажетті жұмыстарды кезең-кезеңімен жалғастыра береді. Инженерлік жүйелердің техникалық жағдайы тұрақты бақылауда. Әрбір шағынаудан, көпқабатты үй, жеке сектор – барлығы арнайы жоспарға сәйкес тексеріліп, қажетті шаралар қабылдануда.
Жылу маусымына дайындық – тұрғындардың жайлы өмір сүруінің кепілі. Осы ретте аудан әкімдігі барлық азаматтарды белсенділік танытып, аталған жұмыстарға қолдау көрсетуге шақырады. Тек бірлесе әрекет еткенде ғана алдағы қысты қиындықсыз, жылы әрі жайлы өткізе аламыз.

Previous Post

ҚАЛА ӘКІМІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН БІЛІМ ОРДАЛАРЫН АРАЛАДЫ

Next Post

20 шілде - Қазақстанда металлургтер күні

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде