masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАЛА ӘКІМІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН БІЛІМ ОРДАЛАРЫН АРАЛАДЫ

17 июля, 2025
in Uncategorized
0
ҚАЛА ӘКІМІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН БІЛІМ ОРДАЛАРЫН АРАЛАДЫ
0
SHARES
19
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бірқатар білім беру мекемелерін аралап, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Нысандарды аралау барысында әр білім ордасының жөндеу жұмыстарының сапасына, белгіленген мерзімде аяқталуына және оқу процесіне кедергі келтірмеу шараларына баса назар аударды.

Қала басшысы алдымен биылғы жылы күрделі жөндеуге жоспарланған №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясы, №7 С.Ерубаев атындағы мектеп-интернатына барды.

Аталған нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер мекемелер анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың мамыр айының соңында басталған болатын. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес қарқынды жүргізілуде.

Алдымен Әзімбек Пазылбекұлы 1989 жылы пайдалануға берілген Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясына барды. Мектеп 1266 оқушыға арналған. Алайда қазіргі таңда мектепте 2737 оқушы білім алуда. Аталған мектеп ғимаратын кеңейтіп, оқушыларға қолайлы орта жасау мақсатында күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуде.

Сондай-ақ, қала басшысы С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатындағы құрылыс жұмыстарының қарқынымен танысты.

Әзімбек Пазылбекұлы аралау барысында құрылыс сапасына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және белгіленген мерзімде аяқтау міндетіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, жауапты мердігер мекемелерге тиісті тапсырмалар беріп, білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Previous Post

САУРАН:«ӘКЕ -ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ, ҰЛ-БОЛАШАҚҚА ӨРНЕК» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Next Post

ҚЫСҚЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде