masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

15 июля, 2025
in Uncategorized
0
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

АЗАТ ШАҒЫНАУДАНЫНДА АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Д. Есілбек және Еңбекші аудандық полиция басқармасының басшысы Ж. Бейсенов, жауапты сала мамандарымен бірге Азат шағынауданының инфрақұрылымдық жағдайымен танысу мақсатында аралау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды «MASA24.KZ» ақпарат агенттігі.

https://masa24.kz/wp-content/uploads/2025/07/WhatsApp-Video-2025-07-22-at-23.23.07.mp4

Аралау барысында тұрғындар тарапынан көтерілген бірқатар өзекті мәселелер назарға алынды. Атап айтқанда, аяқжол салу, көшелерді кеңейту, қоғамдық көлік аялдамаларының орнын реттеу, көшелерді асфальттау, балалар ойын және спорт алаңшаларының жай-күйін тексеру, түнгі жарықшамдардың жұмысы сынды тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететін бағыттар бойынша зерделеу жүргізілді.
Әсіресе, тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін аяқжол салу және көшені кеңейту жұмыстарының маңыздылығы ерекше атап өтілді. Сонымен бірге қоғамдық көліктің қолайлылығын арттыру үшін аялдамалардың қажетті орындарын белгілеу және олардың жай-күйін жақсарту тапсырылды.
Көшелердің асфальтталуы, жол сапасын жақсарту жұмыстарының уақтылы әрі сапалы жүргізілуі де басты назарда болды. Балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңдарының қазіргі жағдайы тексеріліп, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді. Түнгі жарықшамдардың жұмысын жүйелеу, жарықтандыруды күшейту – тұрғындардың қауіпсіздігі үшін маңызды шаралардың бірі ретінде қарастырылды.
Аудан әкімі Д. Есілбек аралау барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Әрбір сала жетекшісіне жұмыстардың сапалы орындалуын қатаң бақылауға алу тапсырылды.
Азат шағынауданындағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Аудан әкімдігі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, қолайлы, қауіпсіз әрі заманауи қала ортасын қалыптастыруды басты мақсат етіп отыр.

Previous Post

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Next Post

2025 – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде