masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

15 июля, 2025
in Uncategorized
0
АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Д. Есілбектің төрағалығымен аудан әкімдігі аппаратының кезекті аппараттық жиналысы өтті. Жиынға аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, бөлім басшылары және жауапты сала жетекшілері қатысты. Бұл туралы «MASA24.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кезекті мәжіліс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инженерлік инфрақұрылымның жаңартылуы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жақсарту, абаттандыру, көріктендіру, санитарлық тазалық жұмыстары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар ауданда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар, экологиялық жағдайды жақсарту, жасыл аймақтарды көбейту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері күн тәртібіне қойылды.

https://masa24.kz/wp-content/uploads/2025/07/WhatsApp-Video-2025-07-22-at-23.13.17.mp4

Аудан әкімі Д. Есілбек әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйіне жеке тоқталып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, абаттандыру, инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асыру, көшелер мен аулалардағы тазалықты сақтау, экологиялық ахуалды жақсарту, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру міндеттері жүктелді.

Жиын барысында мемлекеттік қызметте жоғары нәтижелер көрсеткен, өз қызметіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби біліктілігімен көзге түскен бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат – мемлекеттік қызметшілердің еңбегін бағалау мен ынталандыруға бағытталған игі бастама.

Аппараттық мәжіліс қорытындысында аудан әкімі Д. Есілбек барлық тапсырмалардың орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды. Әкімдік жұмысының басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, ауданның инфрақұрылымын дамыту, экологиялық тепе-теңдікті сақтау және халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау екенін ерекше атап өтті. Қызметкерлерге өз салалары бойынша жүйелі әрі нәтижелі жұмыс атқару, бастамашыл болу, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштеріне дер кезінде жауап беру қажеттігі ескертілді.

Аудан әкімдігі алдағы уақытта да белгіленген жоспарлар мен бағдарламалар аясында тұрақты жұмыс істеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында жұмыстарды жалғастыра береді.

Previous Post

Инвестиции и внешняя торговля поддерживают экономический рост Казахстана

Next Post

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде