masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АУДАНДЫ АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

12 июля, 2025
in Uncategorized
0
АУДАНДЫ АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу
https://masa24.kz/wp-content/uploads/2025/07/WhatsApp-Video-2025-07-22-at-23.03.53.mp4

Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Д. Есілбек жауапты сала мамандарымен бірге қаладан шығаберістегі негізгі көшелерді аралап, ауданның көркейуі мен тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады. Аралау барысында көшелердің санитарлық тазалығы, заңды сауда және құрылыс нысандары, сондай-ақ абаттандыру мен асфальт төсеу жұмыстары жан-жақты тексерілді, деп хабарлайды «MASA24.KZ» ақпарат агенттігі.

Санитарлық тазалық – тұрғындардың денсаулығы мен өмір сапасының негізі. Аудан әкімдігі тұрақты түрде тазалық шараларын ұйымдастырып, қоғамдық орындар мен көшелерді қоқыстан тазарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Бұл бағытта қоқыс жәшіктерінің санын арттыру, оларды тиімді орналастыру және тұрақты түрде тазалау ісі қамтылған. Аралау кезінде анықталған орындарға қосымша назар аударып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.
Заңды сауда және құрылыс орындарының жағдайы да ауданның келбеті мен дамуына тікелей әсер етеді. Әкімдік тиісті органдармен бірлесіп, заң талаптарына сәйкес сауда орындарын реттеп, құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Бұл жұмыстар тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Абаттандыру және асфальт төсеу жұмыстары аудандағы инфрақұрылымды жаңартуға және жақсартуға бағытталған. Көшелердің сапалы жөнделуі тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, қаланың көркем бейнесін жақсартады. Аралау барысында жұмыстардың барысы бақылауда болды, әрі атқарылуы қажет қосымша тапсырмалар берілді.
Еңбекші ауданының инженерлік инфрақұрылымын дамыту мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жетілдіру — әкімдіктің басым бағыттарының бірі.
Аудан әкімі Д. Есілбек анықталған мәселелер бойынша барлық қызметкерлер мен ұйымдар өз жұмыстарын үйлесімді әрі нәтижелі түрде атқаруға ниетті. Осылайша, Еңбекші ауданы тұрғындары үшін жайлы, таза және көркем орта қалыптасуы — ортақ мақсатымыз.
Тұрғындар мен аудан әкімдігінің бірлескен күш-жігері арқасында аудан Қазақстандағы ең таза әрі әдемі аудандардың бірі болады деп сенеміз. Әрбір тұрғынға өз үйі мен қоршаған ортасын таза ұстауға, абаттандыру мен қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға шақырамыз. Себебі, таза және жайлы орта — біздің ортақ игілігіміз.

Previous Post

Еңбекші ауданында санитарлық тазалау, абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда

Next Post

Благоустройство и озеленение в Енбекшинском районе: системная работа на благо экологии и комфорта горожан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде