masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Еңбекші ауданында санитарлық тазалау, абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда

12 июля, 2025
in Uncategorized
0
Еңбекші ауданында санитарлық тазалау, абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Бердіқожа батыр көшесінің бойында санитарлық тазалау жұмыстары өткізілді. Сенбілікке Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Еңбекші» мемлекеттік коммуналдық мекемесі мен «Группа Интеко» ЖШС өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында көшенің санитарлық жағдайы жақсартылып, жол жиегін сыпыру, шөп шабу, ағаш түптерін ашу, қураған бұтақтарды кесу және ретке келтіру жұмыстары атқарылды.
Жалпы, Еңбекші ауданында инженерлік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру, көше-жол инфрақұрылымын жақсарту, сондай-ақ «Таза Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру бағытында кешенді жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
Абаттандыру жұмыстары аясында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын жаңғырту, балалар ойын алаңдарын орнату, спорттық нысандар мен демалыс орындарын абаттандыру бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, жыл сайын аудан аумағында жасыл желектер отырғызылып, саябақтар мен скверлерді көріктендіру жұмыстары жүргізіледі. Ағаш түптерін күтіп-баптау, қураған бұтақтарды кесу, гүлзарлар қалыптастыру арқылы экологиялық тепе-теңдік пен қала келбетін жақсартуға ерекше назар аударылуда.

https://masa24.kz/wp-content/uploads/2025/07/WhatsApp-Video-2025-07-22-at-22.46.19.mp4

Тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және экологиялық сананы арттыру мақсатында түрлі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, сенбіліктер мен экологиялық акциялар өткізіліп келеді. Әлеуметтік желілер мен ресми ақпараттық ресурстарда экология мен санитарлық тазалық мәселелерін көтеретін бейнематериалдар мен түсіндірме контенттер тұрақты жариялануда.
Аудан әкімдігі тұрғындармен кері байланыс орнатып, олардың ұсыныс-пікірлері негізінде қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, санитарлық тазалықты жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдап келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, Еңбекші ауданының экологиялық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Next Post

АУДАНДЫ АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде