masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

11 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттар мен психоневрологиялық аурулары бар адамдарға және балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесіне үлкен мән беріліп келеді. Ол тек қаржылай көмекпен ғана шектелмей, жан-жақты оңалту, стационарлық және үйде қызмет көрсету бағыттарын қамтитын арнаулы әлеуметтік қызметтерді дамыту арқылы жүзеге асырылуда.
Айталық, 2025 жылдың 1 мамырына дейін Шымкент қаласында барлығы 3 451 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Оның ішінде 917 азамат стационарлық жағдайда, 1 245 азамат жартылай стационарлық жағдайда, ал 1 289 адам үй жағдайында қызмет алды.
Қазіргі таңда Шымкентте арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған 14 орталық жұмыс істейді. Бұл орталықтарда 1 600-ден астам білікті маман еңбек етуде. Әлеуметтік қызметкерлер мен медициналық мамандар күн сайын көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, олардың күнделікті тұрмысын жеңілдетуге атсалысып келеді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы ең маңызды жобалардың бірі – 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы. Бұл нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Құрылыс жұмыстарын «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС-і жүзеге асыруда. Жалпы жобаның келісімшарт құны – 13 488,9 млн. теңге. Қазіргі таңда 1 817,6 млн теңге игерілді, оның ішінде 1 567,1 млн теңге алдын ала төлем ретінде берілген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 5 пайызы орындалған. Нысан 2026 жылдың желтоқсанына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Бұйыртса, оңалту орталығы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, мүгедектігі бар азаматтарға жоғары деңгейде қызмет көрсететін болады.
Сонымен қатар, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан азаматтарға арналған №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағында қосымша 50 орынды жаңа ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. 2024 жылы бұл мақсатқа 1 млрд. теңге бөлініп, игерілді. Биыл 945 млн. теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Балаларға арналған әлеуметтік қолдауды арттыру мақсатында да бірқатар маңызды жобалар қолға алынған. №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы күрделі жөндеуден өтуде. Жөндеу жұмыстары толықтай заманауи стандарттарға сай жүргізілуде. Сонымен қатар, №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына күрделі жөндеу жүргізу үшін қажетті жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.
Шымкент қаласында әлеуметтік қызметтер желісін кеңейту және жетілдіру мақсатында жаңадан екі арнаулы әлеуметтік орталық құрылды. Атап айтар болсақ, «Балауса» №11 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен «№12 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы». Қазіргі уақытта орталықтардың директорлары тағайындалып, ғимараттарды жабдықтау, қажетті мамандарды жұмысқа қабылдау және басқа да ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі адамдарға өзінің әлеуетін іске асыруына, қоғамға қажет екенін сезінуіне мүмкіндік береді. Шымкент қаласында бұл бағыттағы жұмыстар жыл сайын кеңейіп, сапалық тұрғыда жақсарып келеді.

Previous Post

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Next Post

ШЫМКЕНТТЕГІ ӨТКЕЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде