masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ҚОҒАМ ТАҢДАУЫ

27 июня, 2025
in Жаңалықтар, Спорт, Қоғам
0
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ҚОҒАМ ТАҢДАУЫ
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Таза өмір – сенің таңдауың» атты мерекелік кеш өтті. Аталған іс-шара барысында 26 мамыр мен 26 маусым аралығында өткізілген нашақорлыққа қарсы күрес айлығының қорытындысы шығарылды.
Айлық аясында жастар арасында есірткі, лудомания, буллинг секілді зиянды әдеттердің алдын алу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Олардың қатарында: танымдық кездесулер, тақырыптық тренингтер, көрмелер, флешмобтар мен акциялар бар.
Қорытынды кеште Шымкент қаласының Білім басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қолдауымен ақпараттық көрмелер көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Марлен Сламбеков, Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов және қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова қатысушыларға салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өтіп, жастарды зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Сонымен қатар, айлық шеңберінде белсенділік танытқан еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері арнайы алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды.
Кеш соңында қатысушылар арасында «Quiz» форматындағы интеллектуалдық ойын ұйымдастырылып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Previous Post

БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ: ЖУРНАЛИСТЕР МЕН ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚҰРМЕТ

Next Post

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде