masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ: ЖУРНАЛИСТЕР МЕН ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚҰРМЕТ

27 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ: ЖУРНАЛИСТЕР МЕН ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚҰРМЕТ
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Журналист – қоғам айнасы, халық пен билік арасындағы алтын көпір. Ақпаратты дәл, шынайы жеткізу – әр журналистің басты мұраты. Олар күн демей, түн демей, ел үшін еңбек етеді. Сол еңбектің еленуі – үлкен мәртебе.
Бүгін Шымкент қаласында БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Журналистер одағының құрмет грамоталары табысталды. Жемісті еңбек етіп жүрген журналистердің маңдай тері мен шығармашылық ізденісі ескерусіз қалған жоқ.
«Қазақстанның құрметті журналисі» атағы белгілі қаламгер Балтабек Түйетаевқа берілді. Бұл — ұзақ жылдар бойғы табанды еңбектің лайықты бағалануы!
Сонымен қатар, азаматтық қоғаммен тығыз байланыста еңбек етіп, ел мен елді, халық пен билікті байланыстыруға үлес қосқан Шымкент қаласындағы №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Бекжан Уркинбаев Қазақстан Журналистер одағының “Алтын медалімен” марапатталды. Ол тек кәсіби маман ғана емес, өз тәжірибесін жас буынға үйретуден жалықпайтын, нағыз тәлімгер. Қарамағындағы әріптестері де оның адамгершілігі мен біліктілігін ерекше бағалайды.
Сондай-ақ, «Шымкент келбеті» газетінің жауапты хатшысы Замира Алдаберген мен тілшісі Салтанат Жамалдинова да Алғыс хатқа ие болды. Бұл – редакция ұжымының табанды еңбегіне берілген шынайы құрмет!
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Қаламдарыңыз мұқалмасын, ел үшін еткен еңбектеріңіз еселене берсін!
Previous Post

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАР АРАСЫНДА ARM BACK ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Next Post

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ҚОҒАМ ТАҢДАУЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде