masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ономастика және тіл: атаулардың өзара байланысы мен қызметі

8 мая, 2025
in Uncategorized
0
Ономастика және тіл: атаулардың өзара байланысы мен қызметі
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласы аумағында Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының аудан әкімдіктерімен бірлескен зерделеу жұмыстары нәтижесінде 3545 көше тіркеліп отыр. Оның ішінде, 2444 көше – тарихи жер-су, дәстүрлі атаулармен, 1069 көше – кісі есімдерімен аталған.

Алайда, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегі бойынша, қалада 6714 көше бар екені көрсетілген.

Бүгінде Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы көше санаттарын нақтылау жұмыстарын жалғастыруда. Қалада атауы жоқ 32 көше және идеологиялық тұрғыдан ескірген 236 көше бар. Бұл атаулар кезең-кезеңімен, қоғамның пікірін ескере отырып өзгертілетін болады.

2024 жылы қайта атау және атау беру бойынша 185 көше ұсынылды. Оның 12-сіне тиісті келісім алынған. Сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұсынылған 20 тұлғаның 10-ы тиісті қолдау тапты.

Сондай-ақ, қала көшелерінде ілінген тақтайшалардың біршама бөлігінде үйердің реттік нөмірлерінің көрсетілмеуіне және тозығы жетуіне байланысты биыл 35 753 тақтайша орнату жоспарланып отыр.

Ал, тіл саясатын жүсеге асыру бағытында «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» негізінде тиісті жұмыстар атқарылуда.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында, 2029 жылға дейін мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін 93,5 пайызға жеткізу көзделген болса, бүгінде бұл көрсеткіш – 98 пайызды құрап отыр.

Сондай-ақ, тіл заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында мониторинг және рейдтік жұмыстар жүргізіліп, 16 180 кәсіпкерлік нысан зерделенді. Нәтижесінде 2380 нысан иесіне анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар берілді. Бүгінгі таңда анықталған кемшіліктердің 120-ы түзетіліп, қалғандары бойынша ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

Next Post

Ономастика и язык: взаимодействие и функции наименования

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде