masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ» ЖАҢА ЗАҢ ОТАНДЫҚ ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІ ҚАЛАЙ ҚОЛДАЙДЫ

7 мая, 2025
in Uncategorized
0
«МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ» ЖАҢА ЗАҢ ОТАНДЫҚ ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІ ҚАЛАЙ ҚОЛДАЙДЫ
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жыл сайын мемлекет отандық компанияларды серіктестікке белсенді түрде тарта отырып, шағын және орта бизнесті қолдап келеді. Тендерлерге қатысу — ШОБ субъектілері үшін кепілдендірілген табыс пен тұрақты сұранысқа ие болудың жақсы мүмкіндігі. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң – ашық, тиімді және бәсекеге қабілетті бизнес-ортаны қалыптастыруға толық мүмкіндік береді.
Заңның алғашқы блогы сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға бағытталған. Бұл тәсіл сатып алуларды жедел өткізуге, тапсырыс берушілердің өкілеттіктерін кеңейтуге, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің созылып кетуін болдырмауға арналған.
Жеткізуші туралы ақпарат мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы кеңінен қалыптастырылады.
Шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі қарайды.
Сатып алу нәтижелеріне шағымдану веб-портал арқылы және тек жеңімпазды конкурстық комиссия анықтаған сатып алулар бойынша ғана жүзеге асырылады.
Бұдан бөлек, жаңа Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол берген компаниялар, олардың басшылары мен құрылтайшылары мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығынан айырылады. Бұл норма сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.
Заң жүзінде бірыңғай оператор – «Электрондық қаржы орталығы» АҚ базасында мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай платформасы енгізілді. Ол мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу электрондық қызметтеріне бірыңғай қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Жаңа мемлекеттік сатып алу туралы заң сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттырып, қатысушылардың жауапкершілігіне қойылатын талаптарды күшейтеді және жергілікті өндірушілерге қолдау көрсетеді.

Previous Post

ТЖМ құтқарушылары биіктігі 2630 метр тауға шықты

Next Post

Қауіпсіз саяхат: сенімді туроператорлар мен турагенттерді қалай таңдауға болады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде