masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТЖМ құтқарушылары биіктігі 2630 метр тауға шықты

7 мая, 2025
in Uncategorized
0
ТЖМ құтқарушылары биіктігі 2630 метр тауға шықты
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні қарсанында ТЖМ құтқарушылары Шығыс Қазақстан облысы ТЖД  басшылығымен Риддер қаласы маңында орналасқан Иванов жотасындағы теңіз деңгейінен 2630 метр биіктікте орналасқан «Үш ағайынды» тау шыңына патриоттық мақсатта көтерілді.

«Бұл тау шыңына көтерілу – альпинистік дайындықтың негізгі бөлігі әрі қиын жағдайларда қозғалу дағдыларын жетілдірудің жолы. Жас құтқарушылар биіктікте зардап шеккендерді тасымалдау әдістерін, заманауи жабдықтарды қолдануды үйренеді», — деді ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

Шара барысында қатысушылардың алдында бірнеше міндет тұрды: альпинистік дайындықты шыңдау, жас құтқарушыларға биік тауда тіршілік ету тәсілдерін үйрету, моральдық-психологиялық төзімділікті арттыру және альпинистік жабдықтарды сынақтан өткізу. Іс-шара аясында жедел-құтқару жасағының жас қызметкерлері төмен температура жағдайында дала лагерінде өмір сүруге де машықтанды.

Барлық құтқарушылар тапсырмаларды сәтті орындап, 2600-ден астам метр биіктікте ҚР ТЖМ туын тікті.

Previous Post

2025 жылы 10 мың бизнес-бастамаға қолдау көрсетіледі

Next Post

«МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ» ЖАҢА ЗАҢ ОТАНДЫҚ ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІ ҚАЛАЙ ҚОЛДАЙДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде